Актив = меншікті капитал+міндеттемелер Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы құрастырған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып табылады.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалынады. Осы аталған жойылу балансының өзі екі түрге бөлінеді. Ол: бірінші ұйымның жабылғандығына байланысты және екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін.