2 – дәріс. Әлеуметтанулық теорияға кіріспе



бет6/10
Дата01.03.2022
өлшемі22,23 Kb.
#133743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 - дәріс

Макс Вебер (1864-1920)
Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты үғымдардың теориялық негізін қалыпгастырды. Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметгік себептерге, ал әлеуметтік проблемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты. Вебер мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден маңызды емес деп санайды. Мысалы, Вебер өткен ғасырдан бері ажырасудың мағынасы қаншалықты өзгергенін түсіну де ажырасу санының қаншалықты өзгергенін түсіну сияқты маңызды деп есептейді. Вебердің адам әрекеттерінің субъективті мәнін зерттеген еңбектері діннен бастап иммиграцияға дейінгі алуан түрлі тақырыптағы көптеген ғылыми жүмыстарға негіз болды. Вебер «экономист» мамандығын меңгерген, оның еңбектерінің
көп бөлігі экономикалық және әлеуметтік проблемалардың өзара әрекеттесуіне қатысты болды. Ол Маркстың «барлық әлеуметтік қагынастарды экономикалық факторлар айқындайды» деген идеясын қабылдамады. «ГІротестанттық этика және капитализм рухы» деп аталатын еңбегінде Вебер әлеуметтік және діни құндылықтардың экономикалық жүйелерге әсерін көрсетуге тырысты. Бұл дәлел 12-тарауда толығырак; түсіндіріледі, оның негізгі тұжырымы алғашқы протестантизмнің діни құндылықтары (өзін-өзі тәртіпке келтіру, үнемдеу және жеке ерекшеліктер) қазіргі экономикалық жү-
йеге негіз болды. Вебердіц ықпалды идеяларының бірі - әлеуметтану белгілі бір құндылыққа тәуелді болмауы керек. Вебер әлеуметтану «қандай болуы керек екенін анықтауға емес, қазіргі мәнін анықтаута мүдделі болуы тиіс» деген пікір білдірді. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтанушылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптасгырды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет