2 – дәріс. Әлеуметтанулық теорияға кіріспе


Қүрылымдық-функциялық теория - әлеуметтік ұйымдар (құрылым) мен оның қызметін (функциясын) зерттейді



бет9/10
Дата01.03.2022
өлшемі22,23 Kb.
#133743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 - дәріс
Дәстүрлі энергия көздері (копия), 7 семинар
Қүрылымдық-функциялық теория - әлеуметтік ұйымдар (құрылым) мен оның қызметін (функциясын) зерттейді.


Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу (консенсус) және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды (Ритзер, 2003). Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шиеленістерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын процестерді сыни түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конфликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай, қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарасгырады.
Конфликт теориясының негізіндегі болжамдар
Конфликт теориясы Маркс идеяларынан туындайды. Қазіргі конфликт теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынастағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеуметтік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығында билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдделер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес, көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үстіне, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет