Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар (теориялар) Әлеуметтану тарихына жасалған қысқаша шолудан адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуін зерттеудің көптеген жолдары бар екенін байқадыңыздар. Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары адам мінез-қүлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге әкелді. Бұл тарауда әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты - құрылымдық-функциялық теория, конфликт теориясы және символдық интеракционизмді қарастырамыз. «Ұғымдардың қорытындысы: негізгі теориялық көзқарастар» осы үш теорияны сипаттайды.