2 – дәріс.
Әлеуметтанулық теорияға кіріспе
1.Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлері. Әлеуметтік тәжірибедегі кері байланыстар.
2.Жеке мектептер және бағыттарды дамыту (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер)
3.Құрылымдық функционализм. Конфликтологиялық теориялар, Символдық өзара әрекеттесу. Ролдер теориясы.
Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестіц айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдарымен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы түста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті. Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға бола-
тынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зерттеулердің құралдары көмектеседі деп үміттенді.
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым
ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |