Хаттама №2 Күні: Қатысқаны: 4 Қатыспағаны: жоқ



Дата20.12.2023
өлшемі40,23 Kb.
#197941
Байланысты:
Хаттама № 2 (1)
2 сынып қмж, дүниетану қмж, Рахматулина Анель, Новая презентация



Хаттама № 2
Күні:
Қатысқаны: 4
Қатыспағаны: жоқ
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

  1. І – тоқсанда өткізілген іс – шараларға қорытынды жасау

  2. Мектепішілік және аудандық олимпиадаға дайындық жүргізу

  3. Олқылықты жою бойынша әр пән мұғалімінің атқарған іс - шаралары

  4. Жаратылыстану бірлестігі апталығына жоспар құрып, бекіту



Бірінші мәселе бойынша І – тоқсанда мынандай іс – шаралар өтті: 0
Тамыз айында жалпы отырыста жылдық жоспар құрылды. І – отырыста әдістемелік нұсқау хат қаралып, №130 бұйрықпен танысып, биылғы оқу жылының күнтізбелік жоспары сол бұйрыққа негізделіп құрылып, бекітілді. 23.09.2021 ж күні аудандық география пән мұғалімдерімен онлайн түрде болған вебинарда Картемиш Ерік «География пәнінде олқылықтардың орнын қалай жоюға болады»? тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті. Қазан айының басында Картемиш Ерік аудандық география пән мұғалімдері арасында өткен «Әр географ – Өлкетанушы» атты жобаға сырттай қатысып, жүлделі 3-орын иеленді.
06 - 08.10.2021 ж күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: - оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу танымдық жұмыстарына ынталандыру; - ой еңбегінің беделін арттыру; - талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету. Биология пәнінен Райс Еламан 10 «А» сынып оқушысы Әділжанқызы Сұңқармен «Құлмақ сығындысы және фитоспирин – МЖ биофунгициді» деген тақырыпта жұмысын ұсынып, ауданнан өтіп, облыстық кезеңге өтті. 14.10.2021 ж күні Ескелді ауданы білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия пәнінің мұғалімдерімен «Химия пәнінен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жұмыстар ұйымдастыру» тақырыбында өткен онлайн режимде өткен семинарда Баясхан Лиза «Химия пәні бойынша пиза тапсырмалары» тақырыбында іс – тәжірибесімен бөлісті. 20.10.2021 күні ПЕД.ҮМІТ-2021 байқауына тәлімгер Дюсенбаева С.Н және жас маман Райс Еламан «Биология сабағында қолданылатын электрондық құралдар АҚТ»тақырыбында презентация жасап, өз жұмыстарын жолдады. 27.10.2021 ж күні директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жанталинованың ұйымдастыруымен Алакөл ауданы «Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдықмемлекеттік мекемесінің педагогтерімен тәжірибе алмасу мақсатында өткен вебинарда география пәнінің мұғалімі Картемиш Ерік «Туристік өлкетану» атты авторлық жобасын онлайн түрде таныстырып, іс тәжірибесімен бөлісті. 2021 жылғы 27 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында КСРО халық мұғалімі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог К.Н. Нұрғалиевтің құрметіне «Кұмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» атты өңіраралық педагогикалық оқулары өткізілді. Мақсаты - Қ. Нұрғалиев идеясы негізінде білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибе бөлісу, жинақтау және кеңінен тарату арқылы Қ. Нұрғалиевтың мұрасын үлгі ете отырып, насихаттау. Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі тәжірибе мен әдістеме.
2. Білім мен ғылымның эволюциялық өркендеу қадамдары.
3. Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы.
4. Қазіргі жағдайда шағын жинақты мектепте білім беруді ұйымдастыру.
5. Өмір бойы үздіксіз кәсіби білім беру. Баясхан Лиза «Білім мен ғылымның эволюциялық өркендеу қадамдары» тақырыбында баяндама жазып педагогикалық оқулардың сырттай тізіміне ілікті.
Екінші мәселе бойынша. 10.2021ж күні биология, география, химия пәндерінен мектепішілік олимпиада өтті.
8 – 11 сынып оқушылары олимпиадаға белсене қатысты. Олимпиада барысында жоғары ұпай жинаған келесі оқушылар аудандық олимпиадаға баратын болды:
Биология пәнінен:
8 – сынып Хиватдолда Гүлизар;
9 – сынып Нұрдаулет Мейрхат;
10 – сынып Жұмабек Таңназ;
Химия пәнінен:
8 – сынып Кәрім Ақнұр;
9 – сынып Айтахымет Жансая;
10 – сынып Мұхтаров Алимжан.
География пәнінен:
8 – сынып Қайнарбек Нұрбатима
9 – сынып Асылбек Жансая;
10 – сынып Нұрланқызы Назира;
11 – сынып Дүйсенбай Арсен.
Үшінші мәселе бойынша: 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын әзірлеу ретімен танысып, жоспар құрып, сол жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. 12.10.2021 ж күні Жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Олқылықтарды жоюға» арналған әдістемелік кеңесі өтті. Әдістемелік кеңесте Дюсенбаева С.Н. «План по устранению пробелов в знаниях учащихся по предмету биология»тақырыбында презентация, Райс Еламан «Биология пәні бойынша оқушыларға қиындық туғызатын оқу мақсаттары» тақырыбында, Картемиш Ерік ««География пәнінде олқылықтардың орнын қалай жоюға болады»? тақырыбында, Баясхан Л «Жаратылдыстану пәндері бойынша олқылықты жоюда атқарылатын іс - шаралар» тақырыбында таныстырылым жасады. Бірлестіктегі ұстаздар өз сабақтарына олқылықты
Төртінші мәселе бойынша Жаратылыстану бірлестігі апталығы мектепішілік пәндер апталығының кестесіне сай 14.02 -19.02 аралығында өтетіндіктен кейінге қалдырылды.
Шешімі:

  1. І – тоқсанда өткізілген іс – шаралар қанағаттанарлық деп табылсын.

  2. Аудандық олимпиадаға дайындық жүргізілсін.

  3. Олқылықты жою бойынша әр пән мұғалімінің атқаратын іс - шаралары өз уақытында атқарылсын.

Бірлестік жетекшісі: Баясхан Л


Хатшы: Дюсенбаева С.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет