2- дәріс.
Тақырыбы:«Тапсырма әзірлеу кезеңдері.Бағалау критерийлері. Ойлау
дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар» (слайд 1)
Бүгін біз бағалау құралдарын әзірлеу процесін қарастырамыз.
Бағалау
критерийлерін анықтау, оларды ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіру,
тапсырмаға дескрипторлар құрастыру және бағалау тапсырмаларын әзірлеу кезеңдерінің
мазмұнын талқылаймыз.
Слайд 2
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін олардың оқу
материалын
қалай игергенін, практикалық дағдысы қалай қалыптасқанын анықтауға
мүмкіндік беретін нақты анықталған, алдын ала белгіленген критерийлермен
салыстыруға негізделген.
Тапсырма құрастыру барысында қамтылатын оқу материалының мазмұны мен көлемі
бағалау түріне, яғни, қалыптастырушы немесе жиынтық
бағалау өткізуге байланысты
ерекшеленеді:
-
қалыптастырушы бағалау мақсатында оқушыларға оқу материалын меңгеруде дер
кезінде нақты көмек көрсету үшін ықшам мазмұнды қамтитын тапсырмалар
әзірлеу;
-
жиынтық бағалау үшін тапсырмада оқушылардың оқу бағдарламасының нақты
бөлімін меңгеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу материалын қамту;
-
жиынтық бағалау тапсырмасы мазмұнында оқушының
белгілі бір оқу кезеңдегі
межеленген оқу нәтижелеріне қол жеткізгенін көрсететін және соны растауға
мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту.
Слайд 3
Бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері бағалау түрлері мен бағалау
процедураларының талаптарына, пәннің мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Бағалау түріне сараланған көзқарас бағалау тәжірибесінің оқушылардың оқуына
тигізетін әсерін талдауға мүмкіндік береді. Оқыту
мен бағалауды ықпалдастыру
барысында келеңсіз жағдайларға жол бермеген дұрыс. Яғни бағалау оқушылардың
жаттанды білім қалыптастыруына, материалдың мазмұнына бойламай,
ақпаратты
қарапайым есте сақтауға әдеттендірмеуі керек.
Қалыптастырушы бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес
және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын,
жиілігін, сондай-ақ
қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім
оқу процесінде және қалыптастырушы бағалау барысында пәннің оқу бағдарламасындағы
барлық оқу мақсаттарын қарастыруы қажет.
Слайд 4
Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге
келесі қадамдарды ұсынуға болады:
1.
Пәннің оқу бағдарламасымен,
оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына
талдау жасау;
2.
Таңдалған оқу мақсаты бойынша Блум таксономиясына сүйеніп бағалау
критерийлерін құрастыру;
3.
Тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау
критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;
4.
Бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар
құрастыру;
5.
Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін
сипаттайтын дескрипторлар
құрастыру.
Слайд 5
Мұғалім тапсырманы оқу мәнмәтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып таңдайды немесе құрастырады.Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың
оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің
жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке)
немесе ауызша ұсынымдарының
қорытындысын ескере отырып, сараланған жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін
жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауға қатысты білім алушылардың саны мен кері
байланыс беру жиілігін педагог өзі анықтайды.