2. الرَّحْمَنُ Әр-Рахман



бет20/20
Дата05.04.2022
өлшемі24,3 Kb.
#137980
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Алланың 99 көркем есімдері
Документ Microsoft Word, Алматы 1 бөлім, Алматы 1 бөлім, Қазақ әдебиеті, 1, 654
79. البَرُّ Әл-Бәрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.
80. التَّوَّابُ Әт-Таууәб – Тәубені қабылдаушы. Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына ұшырамайды.

81. المُنْتَقِمُ Әл-Мунтақим – Есе әперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.
82. العَفُوُّ Әл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе, оның күнәлары кешіріледі.
83. الرَّءوُفُ Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
84. مَالِكُ المُلْكِ Мәликул Мүлк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп береді.
85. ذُو الجَلاَلِ وَ الإِكْرَامِ Зүл-Жәләли уәл Икрам – Құдірет және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады.
86. المُقْسِطُ Әл-Муқсит – Әділ. Шешімдерінде өте Әділ. Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай жәннат немесе тозаққа жібереді.
87. الجَامِعُ Әл-Жәмиғ – Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін де қалдырмайды.
88. الغَنِىُّ Әл-Ғани – Өте бай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Алла Тағаладан қажеттерін сұрайды және Оған тәуелді.
89. المُغْنِى Әл-Муғни – Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
90. المَانِعُ Әл-Мәниғ – Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді. Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91. الضَّارُّ Әд-Дзарр – Қалағанын зиянға душар етуші. Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян келтіреді.
92. النَّافِعُ Ән-Нафиғ – Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді.
93. النُّورُ Ән-Нуру – Нұрландырушы, Нұр беруші. Әртүрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды.
94. الهَادِى Әл-Һәди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
95. البَدِيعُ Әл-Бәдиғ – Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды.
96. البَاقِى Әл-Бақи – Бақи, Мәңгі. Ол мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
97. الوَارِثُ Әл-Уарис – Мұра Иесі. Барлық мұра Алла Тағалада.
98. الرَّشِيدُ Әр-Рашид – Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен билік жүргізеді.
99. الصَّبُورُ Әс-Сабур – Сабыр иесі. Ол сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді. Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет