2-4 І тарау. Бастауыш сыныптарда дүниетанымды оқытудың негізі


ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі



бет2/3
Дата25.11.2019
өлшемі263 Kb.
#52402
1   2   3
Байланысты:
Дип.-бастауыш-сыныпта-дүниетанымды-оқыту


ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі

2.1. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Абай Құнанбаев шығармаларын әдебиет, тіл, тарих, педагогика тарихы, т.б. пәндерді оқытуда пайдалану көптен бері жүзеге асып келе жатыр. Ал мақсатты түрде эстетикалық тәрбие беруде жоғары оқу орындарындағы сабақ және сабақтан тыс уақыттарда пайдалану мәселесі бұрын зерттелмегендігі белгілі. Сондыңтан біз өз зерттеуімізде тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда ақын шығармаларындағы эстетикалық ойларға қатысты Т. Әбжанов, Ә. Қалмырзаев, X. Сүйіншәлиев, Қ. Сыздыңов т.б. белгілі ғалымдар мен кейінгі кезде ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін зерттеп жүрген. I. Халитова еңбектерін негізге алдың. Сонымен бірге сабақ үстінде ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қазіргі кезде институтымызда енгізіліп жатқан несие жүйесіне бейімдеумен қатар ағылшын тілі сабағына арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаландың. Осыған орай, 1-2 курстағы кейбір тақырыптарға қосымшалар ендіруді көздедік. Бұл мақалада біз осы бағдарлама ендірілген қосымшаға байланысты сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын қарастырып отырмыз. Себебі болашақ ағылшын тілі мүғалімдеріне арналған осы бағдарламада Абай мұрасының эстетикалық тәрбие берудегі маңызы мүлде ескерілмеген.

Бұл ретте мынадай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт түзбек.

1 .Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақталған тәжірибелерден бастау. Онсыз студенттердің эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті - адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.

Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоқияның қуаты дерексіз-қисындың мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі. Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркемөнер құндылықтары туралы эстетикалық білімнің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және тұлғаның қоғамдың ортада толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.


  1. Эстетикалық тәрбие студенттердің эстетикалық қабылдау
    біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық
    мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рахат алуы
    секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.

  2. Эстетикалық тәрбие тұлғаның өжеттену және қабілет секілді
    мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алумен бірге
    өмірдің, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық
    құндылықтар жарататын белсенді жасампаздыңқа жетелейтіндей етіп
    баулиды.

I. Ақыл-ой тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.

Ақыл-ой дегеніміз — адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезіммен бірге оның адамдың қасиеті.



Ақыл-ой тәрбиесі деп тәрбиешілердің баланы ақыл-ой күш — қуатын және ойлауын дамытуға, оны ақыл-ой еңбегінің мәдениетіне баулуға бағытталған мақсатты түрде жүргізетін іс - әрекетін түсінуге болады.

Ақыл-ой тәрбиесі деп тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің балалардың ақылын, ойлауын, ақыл — ой күш — куаты мен қабілетін дамытуға, оларды ғылыми негіздерінен білімдер жүйесімен қаруландыруға, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған өзара бірлескен іс - әрекетін немесе олардың өзара әрекетесуін айтады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

  • Жеке тұлғаның сана - сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту;

  • Адам жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды
    өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру;

  • Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абайдың
    тұжырымдауынша «ақыл — адамға ғана тән жоғары қасиет».

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

  • Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылыми негіздерімен
    терең және берік қаруландыру;

  • Білім беру негізінде оқушыларды ғылыми материалистік
    көзқарасты қалыптастыру;

  • Балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін,
    қиялы мен түйсігін дамыту.

  • Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен
    таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету;

  • Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында
    өздігінен білім алуын молайтуды, қажетсінуді қалыптастыру;

  • Ақыл — ой еңбегінің жалпы мәдениетінің арттыру.

Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, ержетіп есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім — тәрбиенің негізгі бір саласы болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы - мектептегі оқыту. Ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат — міндеттер ғылымға негізделіп, оқыту процесінде жүзеге асады.

Сондай — ақ, зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл — ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдарына мыналар жатады:


  • Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар: бақылау,
    эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспеди
    циялар, ауылшаруашылық
    тәжірибелік жұмыстар;

  • Шығармалық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме
    құру, өз бетінше әртүрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу,
    белгілі тақырыптарға баяндамалар рефераттар жазу т.б.

  • Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және
    жинақтай ойлау;

  • Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар:
    алгоритмдерді, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен
    құрастыру;

Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: затарды,
құбылыстарды топқа бөлу.

Сонымен, барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлері тапсымаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттіліктерін өсуін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың ақыл - ой тәрбиесі және оның дамуы.

Ақыл-ой тәрбиесі - тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ягни, баланың рухани дамуының негізгі ақыл — ой тәрбиесінен басталады.



Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдылық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).

Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.

Мұғалімдердің міндеті — оқушылардың жас ерекшеліктерін, міндеттерін ескере отырып, олардың ойлау түрлерін дамыту, қалыптастыру.



Ойлау түрлеріне мыналар жатады: диалектикалық ойлау, абстрактылық ойлау, жалпылама ойлау, теориялық ойлау, индуктивтік ойлау, дедуктивтік ойлау, алгоритмдік ойлау, техникалық ойлау, репродуктивті ойлау, продуктивтік ойлау, шығармашылық ойлау, жүйелік ойлау.

Нақты логикалық ойлау — балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Абстракт логикалық ойлау — жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Абстракт ойлау - күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікіріміз, пайымдау, ой жүгірту. Мұны ұғымдық ойлау деп атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілердің негізінде түсініктерді жіктеуге және топтарға бөлу бірлігін қажет етеді.

Жинақтай ойлау — бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін сипаттау.

Алгоритмдік ойлау - көздеп отырған нәтижесі қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау, нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.



Индуктивтік ойлау — ойдың жекеден жалпыға, деректерден жшақтауға қарай қозғалуы.

Дедуктивті ойлау - ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке қарсы жүретін процесі.

Анализ — бүтінді бірліктерге ойша жіктеу немесе жеке қасиеттерін ойша бөлу.

Синтез — бұл затты ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

Салыстыру — белгілі бір ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Топтастыру — араларындағы ұқсастықтары мен айырмашылыққа тәуелді заттар мен құбылыстарды топтарға ажырату.

Дүниетаным_және_ғылыми_дүниетанымның_мәні__Дүниетаным'>Дүниетаным және ғылыми дүниетанымның мәні

Дүниетаным — бұл адам санасының арнайы формасы, ягни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

Дүниетаным — адамдардың өмірлік ұстанымы, олардың сенімі, мұраты іс - әрекеті.

Дүниетаным — жеке адамның табиги және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдары, ой тұжырымы.

И.Д.Харламов ғылыми дүниетанымның төрт түрлі құралдарын көрсетеді:

а) Ғылыми білім жүйесі — объективтік дүниені бейнелейтін адам
баласының мол тәжірибесі.

Ғылыми білім - қалыптастыру және дүниетанымнық дамуының ғылыми үлкен тірегі.



б) Дүниетаным — жеке адамның табиги және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой — тұжырымы.

в) Сенім — терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың
жиынтығы. Сенім — жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін
анықтайды, мінез — құлқын сипаттайды.

г) Адам мұраты - жеке түсінудің жоғарғы кемелі, адам баласының
жоғары мұрат — мақсаттары өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Мұрат — жеке адамды немесе қоғамдық талаптардың мінез — құлқымен
арман — тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне
үлгісі және белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы
формасы.

Ғылыми дүниетаным — қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Бұл — философиялық, экономикалық және саяси әлеуметтік көзқарастың жиынтығы.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

Оқушылардың ғылыми дүиетанымын қалыптастыру — оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылған барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Ботаника. Жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу -

тәрбие учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдіктердің даму процесін меңгереді.



Физика. Химия пәндері бойынша пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.

Гуманитарлық пәндердің де рөлі ерекше. Тарих пәні бойынша қоғамдық даму заңдарын түсінуге тырысады.

Әдебиет — адам арасындағы қарым — қатынасқа, жаңа өмірге, еңбекке табанды көзқарасқа тәрбиелейік.

Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын бағдарлап түсінуге, соған орай, оқушылардың іс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларды қоғамдық — саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арналған кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.



Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар:

1. Адамның материалдың жағдайы;



  1. Әлеуметтік орта, тәрбие ақпарат құралдары;

  2. Қоғамдың пайдалы еңбекке қатысуы.

Бұлар жас ұпақтың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиеледі, саяси және мәдени ой - пікірін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.

Оқушылардың бейнелі ойлауын дамыту.

Адамның әр түрлі қызметінде мәселенің шешімін табу үшін қолданылатын тәсілдерге тек қана логикалық емес, сонымен қатар бейнелі ойлау талап етіледі. Осыған байланысты көркемсурет — графика профилінің ерекшелігіне орай кеңістікте елестету ұғымын жедел түрде жетілдіру қажеттілігі туындайды.



Психология-педагогика ғылымының осы заманғы дамуында
оқушылардың бейнелі ойлауын жетілдіру мәселесі алдыңғы орныға
қойылады. Әсіресе, сызба геометрия мен сызуды оқытуда ол аса маңызды.
Бұрынғыға қарағанда кейінгі кезде психологтар бейнелі ойлау мәселесіне
айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Оған А.Н. Леонтъевтің, С.Д.

Смирнованың, А.Р. Луридің, В.М. Горданның, И.С. Яктанскиийдің, Е.П. Кабаноеа-Меллердің, тағы басқалардың зерттеулері дәлел. Олардың еңбектерінде түсінікті қалыптастыруда, өнімді іс-әрекетте, адамның бейнелі ойлауының маңызынан туындайтын сауалдар, бейнелі ойлаудың жас шамасы мен дербестіктегі ерекшелігі қарастырылады. Бейнелі ойлаудың философиялық мәнін түсінуде адамның танымдың іс-әрекетінің маңызы ашылады. Белгі мен бейненің байланысын талқылауға құру тетіктерін ашуда, көріп қабылдау заңдылықтарын айқындауда Р. Арнхейннің, Р.Л. Грегоридің, И. Роктың, Ж. Плаженнің, т.б. көзбен шолуға арналған жұмыстарының үлкен мәнділігі бар.

«Кеңістікте елестету» ұғымының негізі мазмұнына зат пішінін ұғыну мен түсініп қабылдау қабілеттілігі жатады. Сондыңтан мектептегі бейнелеу өнері және сызу сабақатарында бейнелі ойлауды дамытудың маңызды және жауапты кезеңдері басталады. Бейнелі ойлау негізінен бейнеге сүйенеді. Олар ойлау үрдісі негізінің бастамасы қызметін атқарады да, онда ойдың нәтижесіне көңіл аударылады.

Дүние мен құбылыс әлемін меңгере отырып, оқушылар реттік қатынасты бөліп шығару жолмен, ягни, ерекшелігін сараптай, нобайын бөлу арқылы объектіні өзара сәйкес орналастыру жолмен олардың кеңістіктік қасиетін танып біледі. Нобайын бөлу - көрушіге обьектіні босатып, басқадан шектеуге, оның заттық ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Жазықтықтан кеңістікке өту немесе кері үрдісі кеңістік қатынастарға сүйенуге негіз болатын ұғым - проекция ұғымы. Сызба геометрия мен сызуды оқып үйрену барысында студенттер, әсіресе бірінші курстың студенттері бұл ұғымда басында таза эмпиризмдік (тәжірибеге сүйене), интуициялы (сезім) түрде, содан кейін ғылыми мазмұнға сәйкес меңгереді.

Енді студенттердің кеңістік бейнені құрудағы графикалық іс-әрекетінде бейнелі ойлауды қалай шығатындығын талдайық. Сызба геометрия курсын оқып үйренуге графикалық тапсырмалар метрлік, позщиялық және аралас түрге бөлінеді. Егер студенттер алғашцы тапсырманы орындауда, негізінен, метірлік қатыстарға сүйенсе, екіншісінде, кеңістіктік байланыстар мен қатынастар қолданылады.

Бірқатар зерттеулерде көрсетілгендей, сызба негізінде бейне құра-елестету іс-әрекетімен қамтамасыз етіледі. Графикалық әрекетте түсінікті қалыптастыру үрдісінде бейнені тақдап алу туралы сауал ерекше өткір қабылданады, себебі, бұл әрекетте тақырып пен оның үйлесімін танып білуге сүйену қажеттілігі басым болады. Осындай түрлендірулер кеңістіктік түрлендірудің бірізділігі мен өзгешелігінің нақты логикада іске асырылады.

Кеңістік ойлау - бейнеліліктің бір түрі. Ал оның қалыптасуына ұзақ уақыт кетеді және ол төменгі курс студентерінде жақсы қалыпатсады. Оны дамыту үшін оқу үрдісіне өзінің толық көлемінде түрліше іс-әрекетті қамтитын әр түрлі сипаттағы графикалық есептерді кіргізу керек.



Баланың қалыптасуындағы еңбектің рөлі.

Балалардың қалыптасуындағы еңбектің атқаратын рөлі жөнінде сонау ежелгі дәуірлердегі фолъкролық шығармалардан бастап-ақ айтылып келеді. Мәселен, қазақ ертегілерінде еңбекке жастайынан бейімделген баланың бақытқа жететіні, ал ол баланың жатыпішер жалқау болып өскен інісі немесе ағасы өмір сүре алмай, тентіреп кететіні үнемі әңгімелесіп отырады. Ауыз әдебиетініц сарынымен жазылған қазақтың прозалық туындыларында да осынау идея одан ары қарай жалғасын тауып келе жатқаны мәлім. Ы. Алтынсаринның баршаға белгілі «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі еңбектің қозғаушы күші туралы философиялық түйіндеулер бала ұғымына лайықталып, қарапайым да көркем берілуі еңбек факторынық балалар эдебиетінде алатын орын ащын меңзейді.

Кецес дәуірінің алғашцы кездерінен бастып жазылған шығармаларда да еңбекке қатысты әңгіме күн тәртібінен түспеді десе де болғандай. Әрине, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы еңбектің рөлін, жас кейіпкер мен еңбектің ара қатынасын суреттеп жазу жан-жақты шеберлікті қажет ететіні даусыз. Жазушы өз шығармасында жалақ насихатқа бой ұрмай, оқиға мен әлеуметтік тартыстың нәтижесінде жас кейіпкер және және еңбек деген мәселені белгілі бір көркемдік деңгейде талдап жеткізе білуі шарт. Сондыңтан да еңбек тақырыбы балалар қаламгерінен шынайы шеберлікті талап етеді. Соқпақбаев Бердібектің әңгіме-повестерінде еңбек тақырыбы елеулі орын алады. Оның біз басты кіпат ретінде санап отырған «Балалық шаққа саяхат» повесінде еңбек мәселесі өзіндік талап тұрғысынан келуді қажет етеді. өйткені бұл шығармада «еңбек етіңдер» деген жалаң насихат жоқ.

Тұрмыс ауыртпалығы шығарманың бас кейіпкері Бердібекті рухани жағынан шынықтырып, қайсар етіп өсіреді. Ол - екінші сыныпта жүріп-ақ колхоз жұмысына қатысуға мәжбүр болған балалардың бірі. Масақ терді, қырманда астық бастырды. Осындай ауыр азаптан арыла алмай, мейілінше қиналып жүрген кезінде шешесі қайтыс болып, Бердібек жетім қалады. Ал «жетім» деген жалғыз сөздің күйініші, зілдей ауыр мағынасы түсінген адамға соншалықты ауыр.

Бердібек кісі есігінде жүріп оқыса да, екінші, төртінші сыныптарды жақсы бітіреді. Бойда қайрат, көңілде жігер бар осы бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділік танытады.

Шығармада ауыр еңбектің адами қалыптасуға тигізетін әсері де оқта-текте шаң беріп қалады. Еңбек — тіршілік етуге қажетті фактор ғана емес, әр адамның өмір сүруге қабілетін көрсете алатын, сол өмірді сақтауға қызмет ететін қасиетті ұғым. Бірақ, шектен шыщан ауыр еңбек адамда бейнетке, тіпті ауру-сырқауға да душар етеді. Әсіресе, тек басқалар үшін жасалған, өзінің зейнетін көрмейтін қара жұмыс адамды қажытып, шаршатудың құралы ретінде ғана көрінуі мүмкін. Бердібектің алғашцы бастауыш сыныптарға барып жүрген кезден-ақ еңбекке араласу сипаты осындай тұжырымға әкелгендей болады. Әлі буыны қатпаған жас баланы ертеден қара кешек дейін бір тыным таппастан, үйцысы қанбастан, тіпті дұрыс тамақтана алмастан, сезімі жоқ қара дүрсін машинадай тынымсыз еңбек ете беруі шын мәнінде азап екені сөзсіз.

Егер бүгінгі өркениет биігіне қарап, бала цүцығын қорғау мәселесі тұрғысынан сараптайтын болсақ, бұл — бала цүцығына қол сүғып, оның еңбегін қанаудың тақты көрінісі. Сегіз-тоғыз жасар Бердібектің осындай ауыр еңбектен әбден шаршап-шалдыгуы, сондыңтан да жұмыс десе жүрегі зырц ете қалып, енді оған қарай алмастай, әбден зәрезап болуы түсінікті нәрсе, заңды құбылыс.

Еңбектің осы қанау нысанын көрген жас бала мұндай қанаушылықты жан-төнімен жек көрсе де, өзінің жеке мүддесі үшін жасалатын жұмысқа басқаша қарайды. Сабақты жақсы оқудың да үлкен еңбекпен келетіні белгілі. Алғыр бала сабақ оқудан ешқандай да қажымайды, шаршамайды. Қайта бұндай еңбек ол үшін рухани ләззат сыйлайды.

Қазақ балалар эдебиетініц тағы бір көрнекті өкілг С. Беғалин шығармаларындағы еңбек — оқиғаның өзегін үстап түратын және кейіпкерлер өмір сүретін орта ретінде негізгі көркемдік арқаудың бірі болып көрінеді. Оның «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Керкиік», «Сымбатты Сима», және т.б. туындыларының негізгі сюжеттері еңбекке байланысты өрбиді, ұндейді. Мұнда бүзау бағып, еңбек етіп жүрген Сәтжан мен Жанай сияқты балалар сонымен бірге цүсбегілік, саятшылық өнеріне де қызығады.

Автор шығарманың басталу сәтінде осынау екі саланы қатар жарыстыра көрсетіп, екеуініц де маңыздылығын сюжет барысында салмақты етіп, әр цырынан аша түскен. Ителігі сияцты цыран цүстық балапанын циын жартастан алуға талап цылған Сәтжан сол жартастағы белгісіз таңбаларға man болады. Қыран цүсқа деген цүмарлығына енді осы тақбаның сырын білсем деген ынтызарлық қоса оянады. Сонымен бірге жас кейіпкер өзі атқарып жүрген негізгі жұмысын да ұмытпайды. Сол бір кезеңдерде Сәтжан сияцты өз ісіне ризасыз беріліп,еңбек ойлаудың өзінен рахат табатын балалардың болғанын бүгігі үлкен адамдар жоққа шығармады.Бұл арада жазушыны кецестік идеяның ықпалымен жалақ уағыз айтып отыр деп кіналауға болмайтын сияцты. Өз замандастары баланы осынау көзқарасына шындың ретінде бас шүлғы реалистік тұрғыдан қабылдай алғанымен, бүгінгі жас оқырман бүған күмәнмен қарауды да ықимал.

Жастайынан табиғат аясында өскен баланың аңшылыққа цүмар болуы заңды. өйткені ол кұнделікті дерлік өзен-суларды бойлап үшқан әр түрлі цүстарды, may беткейінде қиялай қалцыған цырандарды көреді., алыстағы қасцырдың ұлығанын да естіп, табиғат қойнауында жүрген кездерінде түрлі тағы аңдарды кездестіріп қалады Осынық бәрі жас адамның ақшылық деген делебесін қоздырып, ата-баба өнерін дамыта түсу үшін ықыласын күшейтеді. Бірте-бірте баланың жан дүниесі, есіл-дерті тек осы аңшылыққа ауады. Әрине, ақылды да еңбещор балалар сонымен бірге өздерінің мектептегі сабақтарын, үйдегі және түздегі жұмыстарын қос алып жүреді. Өмірдің қажетті сала, бағыттарының ешқайсысын ақсатпайды. Бір сөзбен айтқанда, С. Беғалин кейіпкерлері - мінсіз балалар.

Еңбек тақырыбы - балалар қаламгері Т. Нұрмағанбетов шығармаларында да үнемі қозғалып отыратын негізгі тақырыптардың бір. Жазушының кейбір әңгіме-повестерінде еңбек мәселесі әр жылдары тип-қашты сөз болып та жүр. Бұл арада біз оның кейін туындылардың бірі «Үш күншілік жол» повесін негізге ала отырып, еңбек тақырыбының көркемдік тұрғыдан орындалуына талдау жасап көрелік.

Шығармада жас өспірім ауыл баласының қалайша еңбекпен шынығып өскені жан-жақты суреттелген десек, артық айтқандың емес. Жайлауға ертерек көшіп бара жатқан Жәңгір шопан 12-13 жасар баласы Шәмиді сабақтан сұрап алады. Сөйтіп жайлауға мал айдасу үшін көмекші жасауын қалайды. Қойшының қасында мал айдасу үшін арнайы бөлінген ересек адам бар. Бірақ,, ол орта жолға жеткенде қарсы келе жатқан көлікке мініп, ауылға қайтып кетеді. Сөйтіп әкесі мен баласы үланғайыр малға ие болып, циыншылықпен бетпе-бет арпалысуына тура келеді.

Қырсық қылғанды жылда қонып жүрген қоныстарындағы бұлақ көзі бітіп қалып, крйшының үйі межелі жердің ар жағындағы қашықтау жерге барып қонған. Сөйтіп, жол әдеттегіден үзара түседі. Мал айдасушы Оқап деген кісі қастарында келе жатқанда Шәми жадыраған жаздың жайлы табиғатын тамашалап, кең далаға шыщанына балалықпен ойнақ салып, мәз болады. Қыс бойы мектеп партасында отырып, сабақтан шаршаған ауылдың шықынан айналып, ұзаққа гиықпаған ауылдың шақынан айналып, ұзаққа шықпаған бала үшін көкпеңбек боп мөлдіреп бусаны тұрған ен табиғат - бір ғажайып әлем. Бірге келе жатқан қозы-лақпен, иттерімен арпалысып,балаға тән мінез көрсетіп, ойнақ салады.

Оқап қастарынан қалай кетті, әкелі-балалы екеуі әлдебір ауыртпашылықтың иықтарынан түсіп келе жатқанын сезгендей болады. Енді Шәмидің иен далада асыр салып, өзінше ойы ойнауына мүмкіндік жоқ.



Бір қарғанда бұл жазушынық шығарманы мейілінше қызықты етіп беру үшін оқиғаны өз жанынан цоюлатуы деп қабылдауға болады. Бірақ, қойшылар тұрмысына нақты өмірдің шындығы, сол шындыңтық қойнауынан алынған сәтті деталъдар мен эпизодтар орынды түрде дәлелдеу қызметін атқарған.

Жалпы еңбек мәселесі — Нұрмағанбетов Тынымбай шығармаларының көпшілігінде қозғалатын тақырып. Оның бұрынырақ жазған «Қош бол ата», «Он төрт жасар жігіт» және т.б. шығармаларындағы бала бейнелері еңбекпен етене, астаса көрініп отырады. Ал нақ осы «Үш күншілік жол» шығармасында жас баланы еңбек үрдісіндегі образы мейілінше ашылып көрсетілгені рас. Қойшы еңбегінің ауыр да қызықты сәттерін жазушы бала басынан кешкен оқиғалар арқылы шынайы бере білген деп айтуға болады.

«Балалық шақтық әндері» повесінің өн бойында да еңбек үрдісі суреттеліп отрады.

Адамның рухани дамуының көзі - еңбек. Ф. Әнгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген цоытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, онсыз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек — адамның көркі, бақыты, цоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жаармды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.



Міне ғылыми негізінде тұжырымдалған осы пайымдауды жазушыларымыз өздерінің шығармаларында әр түрлі сипатта келтіріп, көркемдікпен дәлелдеп отырады. Бүны біз жоғарыда айтылған Б. Соқпақбаевтық «Балалық шаққа саяхат», С. Беғалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» және Т. Нұрмағанбетовтың «Үш күншілік жолы» повестерінің ұстанған тұжырымдарынан байқаймыз. Әрине, «Балалық шаща саяхат» повесіндегі еңбектің қанауъиылық сипаты, оның баланы қалыптасуына тигізетін кейбір теріс әсерлері реалистік өмір тұрғысынан алынған. Ал оның үшцыны «Үш күншілік жолы» повесінен де бащалатынын сездіріп өттік. Ал нағыз соқиалистік реализм әдісінің үлгісінде жазылған «Сәтжан» повесінде еңбек бала кейіпкердің жан дүниесіне оптимистік рух береді. Бұндағы еңбек me — қоғамдық еңбек. Демек, жазушыларымыз еңбек үрдісінің кейіпкер бейнесіне тигізетін әсеріне әр түрлі тұрғыдан келген деп айтуға толық негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет