- Абенова Шолпан
- бастауыш сынып мұғалімі
- №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей
- Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
- Психологиялық дайындық
- Біз жалғыз емеспіз,
- Біз бәріміз біргеміз.
- Қандай істе болса да,
- Мықты біздің іргеміз.
- Топқа бөлу
- “Қуырмаш” санамақ- өлеңі
- Қуыр, қуыр, қуырмаш,
- Балапанға бидай шаш,
- Тауықтарға тары шаш.
- Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек,
- шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
- Жаңа сабақ
- Қызығушылығын ояту
- «Ретімен орналастыр» әдісі.
- Мына тақырыптарды өтілу ретімен қой:
- Сөйлем, Мәтін, Сөз, Етістік, Зат есім,
- Мақалды оқы, мәнін аш:
- «Білмеген ұят емес,
- Оқымаған ұят»
- Оқулықпен жұмыс
- 407-жаттығу
- Мынау – сары қарындаш,
- Мұнымен күнді бояймын.
- Мынау – қоңыр қарындаш,
- Мұнымен құмды бояймын.
- Мынау – жасыл қарындаш,
- Мұнымен гүлді бояймын.
- Мынау – көк қарындаш,
- Мұнымен суды бояймын.
- Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
- Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.
- Мысалы: көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен.
- 408-жаттығу
- Мақалды жатқа жаз:
- Жақсы жер – жанның тынысы.
- Жақсы адам – елдің ырысы,
-
- Жұптық жұмыс. Кестемен жұмыс.
- Тапсырма “Белгілеріне қарай ажырат”:
- Берілген сын есімдерді кестедегі белгілерге қарай
- ажыратып жаз:
- 1-жұп: тұщы, жасыл, үлкен, мейірімді.
- 2-жұп: адал, қоңыр, тәтті, қатал
- 3-жұп: жуас, қызыл, қалың, балдай.
- “Гүл күлтелерін жина” ойыны
- Еңбек етті тағы да,
- Бүгін көп – көп балалар.
- Қойылады оларға,
- Әділ, шынайы бағалар.
- Кері байланыс. Оқушы - мұғалім
- Сабақ мәресіне жетті және ол бағалауды талап етеді.
- Сабақ қалай өтті?.... Өте жақсы, көңілсіз, жақсы, әлде нашар,
- мүлде керексіз, пайдасыз…. өмірлік мәні бар ма…? Қандай?
- Сабаққа , өзіңе баға бер.
- Карточкіні толтыр (5 балдық жүйемен):
- Өзім сабаққа қалай қатыстым? 1 2 3 4 5
- Мұқият тыңдадым ба? 1 2 3 4 5
- Қызықты пікір қоса алдым ба? 1 2 3 4 5
- 409-жаттығу
- Ережені жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |