«Фронтальды әңгіме». Жану –бұл адам баласына таныс бірінші химиялық реакция екендігін
ескеріп, жанудың маңызы мен қауіптілігі туралы талқыланады.
Бағалау критерийі
Жану үдерісін біледі
|
Дескриптор
Білім алушының ой-өрісінің жүйріктілігі.
Ойын ашық жеткізетіндігі .
| Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағаланады:
Бейнеролик. Тақырып ашылады
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін АКТ-ны кеңінен қолдана отырып фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте қарқынды жану үрдісін көрсетемін.
№2 сарамандық жұмыс ( Топтық жұмыс)
Білім алушыларға техника қауіпсіздік ережесін қатаң ұстану ескертіледі. Сарамандық жұмыс барысында, өзінің теориялық білімін практикамен ұштастырып өмірде тиімді пайдалануға машықтанады және өзіндік білім алады. Әр топқа өз атына сәйкес фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте жану процесін көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар ұсынылады. Осы процес барысында байқалған жағдайларды тапсырма барысында білім алушылар элементтердің оттекте жану процесін көрсетіп түсіндірме жұмысын жүргізеді және дәптерге кестені толтырып отырды.
Тапсырманы орындап болған топ, қол шапалақтау арқылы белгі береді.
|