2. Қауіп факторының бағалау. Орайластық кестелерін түрлендіру. Фишердің нақты критерийі


Рангті корреляция. Спирменнің рангілік корреляция коэффиценті. УНИК- 59,91



бет12/18
Дата16.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
БСТ РК2

14. Рангті корреляция. Спирменнің рангілік корреляция коэффиценті. УНИК- 59,91
Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті сызықты тәуелділікті және таралудың қалыптылығын талап етпейді. Біз оны сандық деректерге де, сапалық деректерге де қолдана аламыз. Негізінен спирменнің рангілік корреляция коэффициенті Пирсонның корреляция коэффициентінің параметрлік емес баламасы болып табылады
Егер де келесі шарттардың біреуі немесе екеуі орындалған жағдайда, онда спирменнің корреляция коэффициенті есептелінеді:
- Х немесе У айнымалыларының ең болмағанда біреуі рангілік шкалада өлшенеді;
- Х айнымалысы да, У айнымалысы да қалыпты таралмаған;
- Таңдама көлемі үлкен емес;
- Екі айнымалының арасындағы қатынас сызықты емес болады.
Спирменнің бас жиынтық үшін рангілік корреляция коэффициентінің ρs шамасын rs таңдама мәні бойынша бағалау келесі түрде жүргізіледі:
1. Х шамасының мәндерін өсу ретімен орналастырып, ең кіші шамасынан бастап рангтер беріледі, яғни 1,2,3... n нөмірлері. Тең шамаларға олар тең болмаған жағдайда берілетін рангтердің орта мәні беріледі, яғни егер де екі бірдей мән кездессе, оларға сол мәндердің арифметикалық орташа деңгейіне тең дәреже мәні беріледі. Мысалға алатын болсақ 1, 4, 8, 8,12 қатарында тӛрт санының рангі 2, ал 8 санының рангі 3,5 тең.
2. Осындай түрде У шамасының мәндері де ранжирленетін болады. Кейін салыстырылатын мәндердің әр жұбының дәреже айырмашылығын анықтаймыз. Бұл келесі формула арқылы жүргізіледі: d = dx-dy. Содан соң di айырмасын квадраттап жалпы соманы табамыз: d2.
3. Х және У шамаларының мәндерінің орнына олардың рангтерін алып Пирсонның корреляция коэффициентін, яғни rs – х және у рангілерінің арасындағы коэффициентін есептейді. Немесе оны келесі қатарлардың корреляция коэффициентін формула бойынша есептеу арқылы табуға болады:
rs= 1- 6d2/ n(n2-1)
мұндағы:
d2- дәрежелер арасындағы айырмашылықтардың квадраттары;
n- қатысқан белгілердің саны.
Мұндағы d-таңдаманың әрбір мүшесі үшін рангілердің айырмасы болып табылады.
Қорытындылай келе, Спирменнің рангтік корреляция коэффициент әдісі екі белгі немесе екі профиль арасындағы корреляциялық байланыстың бағытын және тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Байланыс есептеліну үшін екі белгінің барлық мәндері рангіленіп, сәйкес рангілердің айырмасы анықталынады. Спирманның рангілік корреляция коэффициенті- параметрлік емес әдістерде қолданылатын құбылыстар арасындағы байланысты статистикалық зерттеуді сандық бағалау болып табылады. Спирменның рангілік корреляция коэффициенті байланыс тығыздығын бағалау көрсеткіштеріне жатады. Көрсеткіш бақылау кезінде алынған дәрежелер арасындағы айырмашылықтардың квадраттарының қосындысы байланыс болмаған жағдайда қалай ерекшеленетінін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет