2. автономия/ autonomy


«100 нақты қадам» бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша – елдің тұрақты дамуының негізі



бет41/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

54.«100 нақты қадам» бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша – елдің тұрақты дамуының негізі.
2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.
Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.
Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.
Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.
Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды.
Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.
Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.
Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік.
Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.
Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз.
Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.
55.Қазақстандағы әлеуметтік реформалар
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. Қазақстанның дамуының алғаушқы қадамы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет