2. автономия/ autonomy


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



бет44/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.[1]
Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президент сайлауында бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.

Басқа лауазымдары мен мансаптары


  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі
58. Қазақстандағы көші-қон,демографиялық процестер.Қазақстан халық ассамблеясы.

Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.


1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.
Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар:
Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).
Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.
Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.
Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек. Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.
Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:
—Тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.
—Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.
Көшіп келудің түрлі қиындықтарына қарамастан көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі ұандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде. Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде.
Қытай Республикасының батысты игеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаты яғни қытайлардың саны аздау батыс аймағын игеру бұл.Батысты мекен ететін қазақ ұлтына қиындықтар туда, өйткені саны көп қытайлықтар аз санды қазақтарды жұтып жіберуі мүмкін . Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастаымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында саны аз қазақ ұлтының көбеюіне яғни үлес салмағының артуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет