Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы есебі 2015 2016 оқу жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында



Дата18.02.2017
өлшемі85,93 Kb.
#10138
Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының жас маман Ерлан Бахытгүлмен

І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы  есебі

2015 - 2016 оқу жылы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс.

2015 - 2016 оқу жылында жас маман Ерлан Бахытгүлге тәлімгер болып тағайындал-дым. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен жә-не пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.

Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ  кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жос-парды құрастырып жазуға үйреттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының: бі-лімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстаз-ға   күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.

Сынып журналының талаптарымен таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отыр-дым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.

Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын , тәрбие жұмысының жоспары жайлы түсіндіріп, оларды құрастыру жолдарын қарастырдық. Оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу және жөндеу туралы нұсқау бердім. Жас маманға өз білімін одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге,рес-публикалық кәсіби басылымдарға жазылуға және таңдауға ұсыныс жасадым. Соңымен қатар өз білімін жетілдіру жоспарын құрастыруға бағыт бердім.

Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырдым. Бахытгүл менің сабақтарыма үнемі қатысып отырды. Басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабаққа қатысу дәптерін толтыру жолдарын көрсеттім.

Жас маманға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Алдымен сыныппен және ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы кеңестер берілді. Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет екендігі ескертілді. Ата-аналар жиналысы   тоқсан сайын өтіліп отырды. Ата-аналардың жас маманға деген көз қарасы өте  жақсы.

Бахытгүлді дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.

І тоқсанда оқушылардың  оқу жылдамдығы тексерілді. Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру үшін жекелей жұмыс жасау жоспары әзірленіп, сабақтан кейін қосымша сабақ беріп отырады.

Сыныптағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау жоспары  құрылып, іске асуда.  Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосы мен оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім.

Жас маманға мектеп басшылары жасаған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзетуге көмек жасап, қайта тексеруден өткіздім. Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары әрі қарай іске асуда.

Жалпы қорыта келгенде, Бахытгүлдің педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды.Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.

 

 

 



 

 

 



.







Тәлімгер Шоқаева Айсұлу Төлегенқызының

жас маман Ерлан Бахытгүлмен жүргізетін жұмыс жоспары

2015-2016 оқу жылы



Жұмыстың мазмұны

Мерзімі



Жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстыру

қыркүйек



Әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және оқу бағдарламасымен таныстыру.

қыркүйек



Сабақ  кестесін  құрастыруға үйрету

қыркүйек



Күнтізбелік - тақырыптық жоспар құрастырып жазуға үйрету

қыркүйек



Сынып журналының талаптарымен таныстырып, толтыруға көмек беру

үнемі



Күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге көмектесу .Білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсат аспектілерін қарастыруды үйрету

үнемі



Әдістемелік және дидактикалық материалдарды, көрнекілік құралдарын таң-дауға көмек көрсетіп, бағыт беру

үнемі



Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын құрастырудың жолдарын қарастыру.

қазан



Оқушылардың іс- қағаздарын жөндеу, жүргізу туралы нұсқау беру

қазан



Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиетті таңдауға және өз білімін жетілдіру жоспарын құруға көмек беру

қараша



Өз білімін жетілдіру бойынша жас маман-ң жұмысын бақылау және бағыт беру.

үнемі



Сыныппен қалай жұмыс жүргізу керек кеңес беру

үнемі



Тәрбие жұмысының жоспарын құруға бағыт беру

қазан



Дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстыру, оны іске асыру.

үнемі



Оқушы-дың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес беру

үнемі



Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, талдау жасау.

үнемі



ӘБ бойынша әріптестердің және пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысуын ұйымдастыру.

қараша



Сабаққа қатысу дәптерін толтыруды үйрету

қазан



Мұғалімнің шығармашылық портфолиосын жинақтауға бағыт беру

үнемі



Оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт беру

үнемі



Үлгерімі төмен және дарынды балалармен  жұмыс жоспары мен кестесін құрастыруға нұсқау беру

қараша



Оқушылардың  оқу жылдамдығының нормасын тексеру

қазан



Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары, сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастыруына көмектесу

желтоқсан

ақпан




Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, іске асыру.

қыркүйек



Оқушыларға үй тапсырмасының көлемі мен берілуі жайлы таныстыру

қаңтар



Бағалау талаптарымен таныстыру

қаңтар



Мониторинг жасауды үйрету

қаңтар



Оқу жылының  аяғында оқушылардың  білім деңгейін анықтау. Жазба жұмыс-тары мен оқу жылдамдығын тексеру

мамыр



Сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет , бағыт беру.

үнемі



Жас маманның өз жұмысына талдау   жұмысын жасау

мамыр

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет