2. автономия/ autonomy


Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)



бет42/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)


Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); 

Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)[өңдеу]


Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. 

Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)[өңдеу]


Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет