2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет11/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Абсолюттiк құқықтық қатынастарда құқық берiлген адамға мiндеттi үшiншi адамдардың беймәлiм тобы қарсы тұрады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) мiндеттi болып табылады, және мiндеттеменi орындауды талап етуге, ал орындалмаған жағдайда мәжбүрлеу шараларын тек осы мiндеттi тұлғаға қолдануға болады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берiлген тараптың да, мiндеттi тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады. Кез келген адам абсолюттiк құқықты бұзып алуы мүмкiн, тиiсiнше, мұндай құқық субъектiсiне оны кез келген адамның бұзылуынан қорғау құқығы ұсынылады. Салыстырмалы құқықты мiндеттi адам ғана бұза алады.
Құқылы тұлғаның мүдделерінің қанағаттандырылу сипатына байланысты заттық және мiндеттемелiк азаматтық-құққықтық қатынастар ажыратылады. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берiлген субъектiнiң затқа өзiнiң әрекетiмен ғана жүзеге асатын құқығы болады ("өзi әрекет ету" құқығы). Заттық құқық субъектiсi өзiнiң затқа деген мүддесiн басқа адамдардың көмегiне жүгiнбестен, затқа тiкелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Мiндеттемелiк құқық субъектiсiнiң затқа деген мүддесi басқа адамның белгiлi бiр әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкiн. Мұнда құқық берiлген адам мiндеттi адамнан белгiлi бiр әрекеттер жасауды талап етуге құқылы. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектiсi болып саналады, ал мiндеттемелiк қатынастардың объектiсi зат болмауы мүмкiн. Мұнда құқық берiлген адам мiндеттi адамнан белгiлi бiр әрекеттер жасауды талап етуге құқылы. Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзiне затты берудi талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттi. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектiсi болып саналады, ал мiндеттемелiк қатынастардың объектiсi зат болмауы мүмкiн.


2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны, субъектiлерi мен объектiлерi
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтiк құқықтары мен субъективтiк мiндеттерi оның мазмұнын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет