2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет9/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

4. Азаматтық заңдардың колданылуы
Заң өмірде дұрыс қолданылуы үшін ол ең алдымен дұрыс түсінілуі тиіс, яғни керекті нұсқаманың дәлме-дәл мазмұнына толық сәйкестікте түсіндірілуі тиіс. Мұнда норманың ақиқат мазмұны тиісті заң ережесінің мәтінінен көп ретте өзінің ауызша мазмұнын жеткізе алмайтынын ескеру қажет. Мысалы, АК-ның 350-бабы былай деп көрсетеді: "1. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге ондай бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті". Норма жалпыға бірдей міндетті ереже ретінде тұжырымдалған. Алайда одан Азаматтық кодекстің басқа нұсқамаларында тікелей көзделген ауытқушылықтар болуы да мүмкін. Мысалы, 351-баптың 2-тармағында былай деп айтылған. "Зандарда немесе шартта залалдарды емес, тұрақсыздық айыбын ғана өндіріп алуға жол берілетін жағдайлар көзделуі ықтимал". Міне, сондықтан да АК-ның 350-бабының 1-тармағынан келтірілген мәтін шектеулікпен түсіндірілуі тиіс. АК-ның 6-бабы азаматтық заң нормаларын түсіндіруге арналған. Ол азаматтық заң нормалары оларда айтылған сөздердің дәлме-дәл мәніне сәйкес түсінілуі тиіс деп тікелей белгілейді.
АК-ның 5-бабы заңның ұқсастығы мен құқықтың ұқсастығын ажыратады. Заңның ұқсастығы кезінде оның олқылығы тікелей өзгеше болғанымен, ұқсас қатынастарды реттейтін нақты заң нормаларын қолдану аркылы жойылады. Көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Ресей заңдарына мәлім агенттік шартты тікелей реттемейді. Алайда АК агенттік шарт жасасуға тыйым салмайды. Егер оларға қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалауда тікелей заң ұйғарымдарының жоқтығына байланысты қиындықтар туатын болса, онда ұқсастығына қарай тапсырма шартын немесе комиссия шартын реттейтін нормалар қолданылуы ықтимал. Дегенмен, кейбір жағдайларда ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін нақты нормалардың жоктығынан заңның ұқсастығын қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда заңдардың жалпы бастаулары мен мәнін, адал, парасатты және әділ әрекет жасау талаптарын басшылыққа ала отырып, заңдардың олқылықтарын толықтыратын құқық ұқсастығын қолдануға болады (АК-ның 8-бабы). Мәселен, заң практикасында, АК-ның Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін мүлікті сенімгерлікпен басқару мүліктің меншік иесі (акцияның меншік иесі) басқа адамға меншік иесінің мүддесі жолында мүлікті (акциялар пакетін) басқару ісін тапсырады. Шарт кейде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті (акцияны) сату не оны кепілге беру құқығын да көздейді. Жекешелендіру барысында мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге қатысты кейбір заңгерлер сенімгерлікпен басқарушыға аталған құқықтарды беруге қарсы болады. Бұлардың пікірінше, ол меншік иесі болмағандықтан, мүлікті меншіктен алу (шығару) жөнінде мәміле жасауға кұкығы болмайды. Жекешелендіруді өмірге әкелген шенеуніктердің пайдакүнемдік іс-әрекеттері фактілері, әдетте, бұған карсы шығудың себебі болды. Бірақ назарды жекешелендіру ерекшеліктерінен басқа жаққа аударатын болсақ, онда әдеттегі жеке қатынастарда сенімгерлікпен басқарушыға белгілі бір құқықтарды, оның ішінде мүлікті сату, оны кепілге салу және т.б. құқықтарды беру меншік иесінің тәуелсіз құзіреті болады да, тараптардың келісімімен баянды етіледі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұнын бұлайша түсіну құқықтың ұксастығына — меншік иесі өкілеттілігінің абсолюттік сипатына және шарттың еркіндігіне сүйенді. Мұны қазіргі уақытта АК-ның 888-бабы растап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет