2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет6/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
1867
2. Азаматтық заңдардын құрамы
АК-ның 3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп аныктайды. Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын ажыратудың зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді.
ҚР Конституциясының 61-бабы заң актілері реттей алатын қоғамдық қатынастардың шеңберін шектейді. Бұл шеңбер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігін, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды, азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігін, меншіктің және өзге де заттық құқықтар режимін. кәсіпорындарды және олардың мүліктерін жекешелендіруді, мемлекеттің корғанысы мен қауіпсіздігін камтамасыз етуді және басқа да кейбір мәселелерді қамтиды. Өзге қатынастардың барлығы заңға негізделген актілермен реттелуі тиіс; Президенттің жарлықтары да, ҚР Үкіметтің қаулылары осыларға жатады. Бұл конституциялық қағидалар, азаматтық заңдарға да таралады. Ресей Федерациясының Модельдік Азаматтық кодексі мен Азаматтық кодексі "заң актісі" терминінің орнына "заң" терминін колданады. РФ АК-ның 3-бабы заңдардың құрамына Федерация Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін енгізбейді, олар заңға тәуелді нормативтік актілердің жалпы ұғымы ішінде қала береді.
Азаматтық зандардың нормалары императивті және диспозитивті болып бөлінуі мүмкін. Императивті нормалар тараптардың келісімімен өзгертілмейді. Мысалы, АК-ның 178-бабы талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді деп көрсетеді (1-тармақ). Бұл - сөзсіз талап, сондықтан тараптар шартта талап кою мерзімінің өзгеше ұзақтығын көздей алмайды. Егер олар осылай көздеген болса, дау туатын жағдайда бәрі бір 3 жылдық талап қою мерзімі қолданылады.
Заң кейде ұйғарымның императивтік сипатын арнайы атап көрсетеді. Мәселен, АК 2-баптың 2-тармағындада былай деп жазылған: "Сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады, ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келісім жарамсыз болады". Ал азаматтық заңдардың диспозитивтік нормалары құқық қатынастарына қатысушылардың келісімі (шарт) арқылы ондағы ережелерді өзгертуге рұксат етеді (АК-ның 359-бабының 1-тармағы). Құқыктық нормалардын диспозитивтік сипаты азаматтық шарттың еркіндігі принципімен толығымен үйлеседі. Азаматтық зандардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет