Қылмыстық құқықта мүліктік қылмыстар үшін жаза белгілей отырып, мүліктік қатынастарды реттейді (қорғайды). Азаматтық құқықтың қылмыстық қүықтық салалармен ара қатынасы қылмыстық процесте азаматтық талап арызды беру жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық процесс азаматтық-құқықтық дауларды сотта қарау тәртібін белгігейді, және оның реттеу пәні кең және еңбек, отбасы және өзге қылмыстық емес дауларды қамтиды.
Азаматтық құқық жердің, орманның және осыған ұқсас өзге обьектілердің азаматтық айналымда айналысын реттейді, бірақ жер және экологиялық құқықтармен белгіленген шектеулермен.
Еңбек құқығы еңбек процесі жөнінде туындайтын қатынастарды реттейді және азаматтық құқықпен еңбек шартын мердігерлік шарттан ажырату кезінде тоғысады.
Азаматтық құқық отбасы құқығымен тығыз байланысты және ол азаматтық құқықтың көп түсініктерін пайдаланады (құқық және әрекет қабілеттілік, шарт және т.б). Азаматтық құқық отбасы құқықтық қатынастарына субсидиарлы тәртіпте қолданылады.
2. Азаматтық құқық принциптері
Азаматтық құкық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған азаматтық-құқықтық нормаларын мазмұны мен мәнін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, зандардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсініледі.
Азаматтық құқыктың мынадай принциптерін атауға болады: азаматтық құкықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі; меншікке қол сұғылмайтындығы; азаматтық - құқықтық шарттың еркіндігі; мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы; азаматтық-кұқықтық қатынастардың субъектілері - кәсіпкерлер мен тұтынушыларды корғау; несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау; азаматтық құқықтардың қорғалуы.
Принциптердің көбісі АК-тің 2-бабында көрсетілген және "Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталады.
4.Азаматтық құқықтың жүйесi
Азаматтық құқықтың бөлiмдерi, институттары және нормалары жиынтығының iштей логикалық байланыста және тәуелдiлiкте болуын осы саланың жүйесi деп түсiну керек.
Қазақстанның азаматтық құқығы паңдектілік жүйе моделімен құрылған, оның негізі рим құқығында қаланған, aл бұл модель бұдан бірнеше ғасыр бұрын герман құқығында барынша кең таралған.
ҚР Азаматтық құқық жүйесiнiң бiрiншi буыны жалпы ережелер болып табылады, оның ережелері азаматтық-құқықтық нормалар реттейтiн қатынастар шеңберiн, бұл нормалардың зандық күшi жөнiнен арақатынасын, олардың уақыт iшiнде, кеңiстiкте және адамдар жөнiнде әрекет етуiн, жарамдылық жағдайларын, түсiндiрiлуi мен жүзеге асырылуын анықтайды.
Жалпы ережелерден кейiн азаматтық құқықтардың субъектiлерi, олардың құқық қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгi (құқық субъектiлiгi), құқық субъектiлiктiң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi туралы бөлiмдер келедi. Азаматтық құқық субъектiлерiнiң жекелеген түрлерi, заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесi, өкiлдiктер туралы мәлiметтер де осында қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |