АК айналым қабілеттілігіне қарай мүлікті айналымнан алынып тасталған және айналым қабілеттілгі шектеулі мүлікке бөледі (АК 116-бабы). Заң актілерінде белгіленген жағдайларда мүлік айналымнан алынып тасталған немесе айналым қабілеттілігі шектеулі болады.
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бip адамнан екінші адамға ауыса алатын мүлік айналымға қабілетті мүлік деп танылады. Заң актілері бойынша айналымнан алынып тасталған немесе айналымы шектеулі мүліктік игіліктер мен құқыктардан басқа мүліктік игілктер мен құқықтардың барлығы айналымға қабілетті болады.
Нарықтық экономика жағдайларында айналымнан алынып тасталған мүліктердің саны өте шектеулі. Бұлар, негізінен, тек мемлекет меншігінде бола алатын табиғи ресурстар. Зандарда тікелей керсетілетін реттерде олар азаматтық айналымға енгізіледі. Мысалы, ортақ пайдаланынатын жерлерді, қорғаныс мақсаттарына арналған жерлерді және басқа кейбір жерлерді пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді (Жер кодексінің 33-б.).
Ордендер, медальдар және құрметті атақтың омырауға тағатын белгілері азаматтық айналымнан алынып тасталған ("ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы" 1995 ж. 12 желтоқ-сандағы заңның 43-бабы).
Айналымның белгілі бip мүшелеріне ғана тиесілі бола алатын және сатып алуға және иеліктен шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол берілетін заттар мен басқа да мүлік айналымы шектеулі мүлікке жатады. Мысалы, қару-жарақты және оқ-дәрілерді, құрамында радиоактивті заттар кездесетін өнімдерді, аңшылық және спорттық ату қаруаларын өткізу, өндірістік және тұрғын үй-азаматтық объектілерді дезинфекциялау жумыстары, медициналық және дәрігерлік кызметпен айналысу, басқа да бірқатар заттар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер айналымы лицензияланады.
Заттар жылжымайтын және жылжымалымүлікке бөлінеді. Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпелер және оларды мақсатына сай келмейтін шығын келтірместен, тұрған орнынан ауыстыру мүмкін болмайтын өзге де мүліктер жылжымайтын мүлікке жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін кемелер, "өзен-теңіз" жүзу кемелері, ғарыштық объектілер жылжымайтын мүлікке теңестіріледі. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады (АК 117-б.).
Жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жазбаша, кейде нотариалдық түрде жасалады. Жылжымайтын заттарға меншік құқығы, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге жатады (АК 118-бабы).
Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы және өзге де бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлікті кепілге беру, жылжымайтын мүлікке рента, сенімгерлікпен басқару құқығы мемлекетік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады (АК 118-б. 2-т.).
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу тәртібін - Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік реттеу туралы жарлық айқындайды. ҚР әділет министрлігілің органдары жылжымайтын мүлікке құқықты реттейтін органдар болып табылады. Алайда, жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке бұл жарльіқ таралмайды, өйткені оларды мемлекеттік тіркеуден әділет министрлігінің органдары емес, өзге уәкілетті органдар өткізеді.
Заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде жылжымалы мүлікке құқықты тіркеу талап етілмейді.