Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін (АК-ның 120-бабы). Бөлінетін мүлік дегеніміз - бұл бөлу нәтижеслнде өзінің шаруашылық мақсатын жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - бұл бөлу кезінде өзінің бұрынғы шаруашылық маңызынан айрылатын мүлік. Мысалы, бip қап картоп бөлінетін зат, ал мотоцикл немесе автомобиль бөлінбейтін заттар болады, өйткені бірінші жағдайда, бip қап картопты бөлуден оның шаруашылық мақсаты өзгермейді, ал мотоциклді немесе автомобилді бөлу оларды өз мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Егер әр текті заттардың бipiгyі мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бip затты құрайтын болса, олар күрделі зат ретінде түсініледі (АК 121-б.). Мысалы: жұп заттар (жұп аяқ киім, жұп коньки, т.с.с.), кәсіпорын, сервиздер, жиһаз гарнитуралары, техника комплектілері және т.с.с.
Қүрделі зат - заң жүзінде ол біртұтас зат ретінде бағаланады, ал қүрделі затқа қатысты жасалған мәмілелер, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөлігіне таралады.
Басты зат және керек-жарақ. Заттар жалпы шаруашылық мақсаты бойынша олардың бipeyi (керек-жарақ) екіншісіне (басты затқа) қызмет ететіндей болып байланысуы мүмкін. Егер заңдарда немесе шарттарда езгеше белгіленбесе, керек-жарақ басты затқа ілесіп жүреді (АК 122-б.).
4. Ақша және бағалы қағаздар
Ақшаға қатысты АК 127-бабы арналған. Бұл бап ҚР – ның ақша бірлігі тенге болып табылады, ол Қазақстанның бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті деп белгілейді. "Ақша төлемі және аударымы туралы" 1998 ж. 29 маусымдағы КР заны ақшаның құқықтық режимін толық белгілейді.
Бұл Заңның 5-б. 1-т. сәйкес, ақша төлем мен қор жинау құралы болып табылады және құн өлшемі ретінде қызмет етеді.
Банкноттар мен тиындар түрінде ақша белгілерін шығаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады.
Ақша белгілері атаулы құны (номиналы) және тенге түрінде бейнеленген төлемдік құны бар банкноттар мен тиындар түрінде шығарылады, ал қолма-қол емес ақша банк есеп-шоттарындағы жазбаларда тенге түрінде көрсетіледі.
Ақша негізгі екі нысанда шығарылады: ақша белгілері (қолма-қол ақша) нысанында және клиенттерілің банктегі есеп-шоттарындағы жазбалар түрінде банктердің ақшалай міндеттемелері нысанында ("Ақша төлемі мен аударымы туралы" занның 5-б. 2-т.).
ҚР аумағында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырудың мынадай әдістері қолданылады: қолма-қол ақшаны табыстау, төлем тапсырмаларын көрсету, чектер беру, вексельдер беру және оларды индоссамент бойынша табыстау, төлем карточкаларын пайдалану, заң актілерінде белгіленген өзге де әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |