2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет31/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Коносамент көбінесе жүктерді теңіз тасымалдауы кезінде пайдаланады және тауарға билік еу құжаты болып табылады. Коносаментті иеленуші коносаментте белгіленген жүкпен билік етуге және жүк жеткізілгеннен кейін оны алуға құқығы бар. Коносамент жүкті тасымалдаушыдан беруді талап ету құқығын куәландырады. Коносамент атаулы, ұсынбалы, ордерлік болуы мүмкін.


5. Мүліктік емес жеке құқықтар
АК 115-б. сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік емес жеке игілктер мен құқықтар жатқызылған: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, eciм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игілктер мен құқықтар жатады.
Бұл арада мүліктік емес жеке құқықтардың eciм алу құқығы, жүріп-тұру және тұрғылыкты жерді тандау құқығы АК-ның 15 және 16-баптарымен реттеледі.
Мүліктік емес жеке құқықтардың негізгі белгілері мыналар:
1)олар абсолютті,
2)олар бөгделенбейді, яғни бip субъектіден екіншісіне ауыспайды. Мәселен, АК 116-б. 4-т. сәйкес "Мүліктік емес жеке игілктер мен құқықтар заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда, өзге әдіспен берілмейді және ауыспайды". Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте басқа занды тұлғаға берілуі мүмкін фирмалық атау, тауар белгісі және т.с.с занды тұлғаға тиесілі игіліктер ғана бұл қағидаға жатпайды;
3) олар мүліктік емес сипатта болады.
4)олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты және ажырамас болады.
5)бұл игіліктер азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды. Өйткені өркениетті қоғам жағдайларында жеке адамның өмipi, денсаулығы, есімі, ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.
Сонымен, мүліктік емес жеке құқықтар дегеніміз - бұл мүліктік емес сипаттағы игілікке құқық. Олар негізінен алғанда, жәбірленушінің бұзылған мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етпейтін әдістермен қорғалады. АК-ның 9-бабына сәйкес мұндай әдістерге мыналар жатады: құқықтарды мойындау, құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Бірақ мүліктік емес жеке құқықтары бұзылған адамның, бұдан басқа, АК 141-б. 1-т. сәйкес, моральдық зардаптарын өтеуді талап етуге құқығы бар.
Кең мағынада алғанда, жеке адамға оның құқықтарын бұзатын ic-әрекеттер арқылы тән азабын немесе жан азабын келтіруді моральдық зиян деп түсінеді.
ҚР Жоғарғы Соты "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануы туралы" 2001 ж. 21 шілдедегі №3 Нормативтік каулысының 3-тармағында былай деп айтылған: "азаматтың мүліктік емес жеке құқықтары мен игілктерін құқыққа қайшы жолмен бұзу, кемсіту немесе олардан айыру нәтижесінде оның шегетін жан азабын немесе тән азабын моральдық зиян деп түсіну керек". Жәбірленуші өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылықтар нәтижесінде бастан кешетін қорлану, ашулану, қысымшылық көру, ашу-ыза, уят, түңілу, залал шегу, жайсыздық сезімдерін адамның сезімдік-ерік толғаныстары ретіндегі жан азабы деп түсінген жөн. Азаматтың өзіне қарсы құқықка қайшы жолмен күш қолдану немесе денсаулығына нұқсан келтіру арқылы жасалған әрекеттен қиналуын тән азабы деп түсіну керек.
Моральдық зиянды өтеу материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес жеке құқықтарды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Моральдық зиян тек ақшалай түрде өтеледі, ал өтемнің мелшерін сот анықтайды және ол іс жүзінде белгілі бір қиындықтар тудырады. ҚР Жоғарғы Сотының №3 Нормативтік қаулысында былай айтылған: моральдық зиян өтемінің ақшалалай мөлшерін анықтауда судьялар жәбірленушіге келтірілген жан азабының немесе тән азабының ауырлығына берілетін субъективтік бағаны, сондай-ақ объективтік мағлұматтарды да, атап айтқанда: біріншіден, мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктердің өмірлік маңыздылығын (адамның өмipi, денсаулығы, ар-намысы және қадір-қасиеті, жеке бостандығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық т.с.с.); екіншіден, жәбірленушінің бастан кешкен азабының дәрежесін және құқық бұзушылық зардаптарының ауырлық дәрежесін (кісі өлтіру немесе денеге зақым келтіру, бас бостандығынан немесе жұмыстан айыру, жақын туыстарынан айрылу және т.с.с.); үшіншіден, моральдық зиянды өтеу үшін оның болуы қажетті жағдайларда зиян келтірушінің кінәсының нысанын (қасақана icтey немесе абайсыздық) да назарға алуы тиіс.
Егер моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтауда сот азаматтың мүліктік емес жеке құқықтарының бұзылуына байланысты нақты мән-жайлардың барлығын ескерген болса, моральдық зиянды ақшалай өтеу мөлшерін әділ әрі жеткілікті деп есептеу керек.
АК 143-б. 6-т. сәйкес, азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге, олардың таратылуы арқылы өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Мүліктік емес жеке және мүліктік құқықтар бip мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғаны үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды (АК 142-б.).
Сонымен қатар, олардың қандай мән-жайларда немесе қандай әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілгенін; зиян келтірушінің кінәсының дәрежесін, оның денсаулық жағдайын, отбасылық, тұрмыстық, материалдық және назар аударуға тұрарлық басқа да жағдайларды анықтау қажет.
АК 187-б. 1-т. сәйкес, моральдық зиянды өтеу жөніндегі талаптарға талап қою мерзімі таралмайды, өйткені олар мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылуынан туындайды.
Өзін қорғау туралы талап қойған адам өзінің мүлікттік емес өзіндік құқықтарының бұзылуы фактісін дәлелдеуге тиіс. АК 141-б. 4-т. жәбірленушіге мүліктік емес жеке құқықтары бұзылуының зардаптарын жоюды таңдау құқығын береді. Жәбірленуші өзінің қалауы бойынша:
- құқық бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды; - не құқық бұзушының есебінен өз бетінше қажетті әрекеттер жасауды; - не олардың орындалуын үшінші жаққа тапсыруды талап ете алады.
Мұндай құқық қорғау құралдардың тібесі АК 143-бабында келтірілген. Мәселен, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіле кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екенін дәлелдей алмаса, сот арқыны теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұнда жәбірленуші ақталуға тиісті емес. Керісінше, мұндай мағлұматтарды таратқан адам оның шындықка сай келетінін дәлелдеуге міндетті. Егер осындай мағлұматтарды таратқан адам оның шындыққа сай келетінін дәлелдесе, онда жәбірленуші тарап беретін талап сотта қанағаттандырылмай қалады. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөніндегі талаптарды сот қана қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет