2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет29/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Ақша дегеніміз — кез келген басқа мүлілкке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттык құқық ретіндегі (қолма-қол ақша), сондай-ақ міндеттемелік құқық ретіндегі (қолма-қол емес ақша) азаматтық құқықтар объектісі.
Шетелдік валюта ерекше объект ретінде валюталық құндылықтарға жатқызылады. "Валюталық реттеу туралы" ҚР заңы валюталық құндылықтарға шетел валютасынан басқа, номиналы және (немесе) құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды, төлем құралдарын, құйма түріндегі тазаланған алтынды, сондай-ақ олармен резиденттер мен резидент еместер арасында операциялар жасалатын жағдайда номиналы ұлттық валютамен керсетілген ұлттық валютаны, бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын жатқызады.
Валюталық құндылық ретінде бағалы қағаз ұғымына келетін болсақ, онда ол өз иесінің шетелдік мемлекет объектісіне құқығын куәландыратын жағдайда және халықаралық ақша рыногында қайтымды болатын жағдайда бағалы кағаз валюталық құндылық деп танынады.
Тазартудан өткен және халықаралық стандарттарға немесе Қазақстан Республикасының стандарттарына сай келетіл алтын тазартылған алтын деп аталады. Сонымен қатар, тазартылған алтынды валюталық құндылық деп тану үшін мұндай алтын құйма түрінде болуға тиіс.
Азаматтық құқықтардың объектісі ретінде тазартылған алтын белгілі бір реквизиттерді қою әдісімен зат ретінде дараланады. Басқа жағдайларда валюталық құндылық ретінде алтынға тектік белгілерімен ғана анықталған заттар режимі қолданылады.
Валюта - бұл мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, оныщ ішінде бағалы металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда - жүрген ақшалармен айырбастауға жататынын қоса есептегенде) түріндегі, қолма-қол және аудару нысандарындағы құндардың ресми стандарттары, сондай-ақ есеп-шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар ("Валюталық реттеу туралы" ҚР заңының 1-бабын қараңыз).
Бірден-бір төлем құралы ұлттық валюта "тенге" болып табылатындықтан, заң резиденттер арасындағы барлық келісім-шарттар мен операциялар, валюта операцияларын жүргізу ережелерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде, тек ҚР валютасымен жасалын, жүзеге асырылуға тиіс деп белгілеген. Заң шығарушылар меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуін валюталық операциялар деп түсіндіреді.
Экономистер халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшаны валюта деп түсіндіреді.
Заң тұрғысынан қарағанда, шетел валютасы, ақша секілді азаматтық құқық объектісі болып табылады (АК 115-б. 2-т.). Ақша - бұл тектік ұғым, ал валюта - түрлік ұғым.
Солай бола тұрса да, шетел валютасы, өзге мемлекеттің ақша белгісі, занда (мысалы, "Валюталық реттеу туралы" ҚР заңында) көзделген жағдайлардан басқа реттерде эмитент-мемлекеттен тысқары жерде өзінің төлем құралы функциясын жүзеге асыра алмайды.
Нормативтік актілерде шетел валютасын "пайдаланудың" мүмкін болатын жағдайлары көрсетіледі. Мысалы, "Валюталық реттеу туралы" занның 7-бабы резиденттерді шетел валютасын олардың уәкілетті банктердегі шотына салуға міндеттейді "Резиденттер ҚР Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен уәкілеттік берілген банктерде шетел валютасындағы есеп-шоттар аша алады. Егер ҚР Ұлттық Банкінен алған лицензиясында өзгеше көзделмеген болса, резиденттердің тауарлар мен қызметтер үшін төлем ретінде, сондай-ақ несие ретінде алатын шетел валютасы уәкілеттік берілген банктердегі есеп-шоттарына міндетті түрде есептелуге тиіс". Мұның өзінде, шетел валютасын резидент еместермен (шетелдік фирмалармен, адамдармен және т.с.с.) есеп айырысу үшін ғана пайдалануға болады. Оның үстіне, уәкілетті банктер мен уәкілеттігі жоқ қаржы мекемелерінен тыс жағдайда шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға тыйым салынған.
"Валюталық реттеу туралы" заңның 8-б. сәйкес, резидент валюта түсімін де уәкілетті банктер арқылы өзінің валюталық есепшотына аударуға міндетті.
АК 129-б. сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бip жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды.
Бағалы қағаз - қатаң белгіленген жазба болып табылады. АК 131-б. сәйкес, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша белгіленеді. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Құжаттық бағалы қағазды ұсынғанда ғана бағалы қағаз куәландырған құқықтарды жүзеге асыруға болады. Алайда, заң құжаттарында көзделген реттерде бағалы қағазбен куәландырылған құқыктарды жүзеге асыру және беру үшін арнайы (жай немесе компьютерленген) тізілімде бекітілген бағалы қағаз шығаруды жүзеге асырушы және онда айтылған міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіпқой қатасушылардың жауап беретін адамы -эмитенттің айғағы жеткілікті.
Бағалы қағаздарды шығару және пайдалану жөніндегі қатынастарды Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім), 2003 ж. 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заң, Акционерлік қоғамдар туралы заң, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлық, басқа да заңдар, бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да заңға сәйкес актілер реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет