2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатудың



бет78/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

3. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері
Құқық бұзушыға жауапкершілік жүктеу үшін қажетті жағдайлардың белгілі бір тізбесі болуы мүмкін.
Борышкерді міндеттемені орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі құқықбұзушылық құрамының болмауы деп саналады, яғни жауапкершілікке тарту үшін қажетті шарттардың біреуінің болмауы. Мысалы, егер құқықбұзушылық құрамына кінә кipce (кінә принципіне негізделген жауапкершілік бойынша), онда субъективтік азаматтық құқықты бұзған адамның кінәсінің болмауы, оны сөзсіз жауаптылықтан босатады.
Егер құқық бұзушылық құрамына шығын сияқты шарттар кіретін болса, онда оның болмауы да құқық бұзушыны бұзғандық үшін көзделген жауапкершіліктен босатуға негіз болады.
Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндетті тұлғаны міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың жанама негізі болып табылады. Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндеттемені орындамағандық үшін жауаптылықтан босатудың негізі деп танылуы мүмкін, егер бұл мүмкін еместік борышкер жауап бермейтін мән-жайлардан туындаса: кінә принципіне негізделген жауапкершілікте — кінә болмаса, ал келтіру принципіне негізделген жауапкершілікте - міндеттемені орындамағандық үшін оның жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар болса ғана. Орындаудың мүмкін еместігі жауапкершіліктен босатудың негізі ретінде, АК 374-бабында көзделген міндеттемені тоқтатуға негіз болатын орындаудың мүмкін емесімен тікелей байланысты. Сондықтан, міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі ол міндеттеменің тоқтауына негіз болтан жағдайда ғана жауапкершіліктен босатуға негіз бола алады. Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі оны тоқтатудың негізі ретінде ақша міндеттемелеріне таралмайтындықтан, ол ақша міндеттемелері бойынша жауаптылықтан босатудың негізі бола алмайды.
Міндеттемені тиісінше орындаудың мүмкін еместігі туындаған жағдайда борышкер, АК-ның 349-бабының 1-тармағына сәйкес, несие берушіні тез хабардар етуге тиіс, себебі мүмкін еместік ол жайында несие беруші хабарланған кезден бастап ғана жауапкершіліктен бо­сатудың негізі деп танылады. Олай болмаған жағдайда борышкерге тиісінше орындау мүмкін еместік туындаған кез бен ол несие берушіге хабар берген немесе ондай мүмкіндік еместікті несие беруші білген (білуге тиіс болған) уақыт аралығындағы кезең үшін жауапкершілік жүктеледі.
АК-ның 349-бабының 2-тармағына сәйкес борышкер несие берушінің талабы бойынша жауапқа тартылады. Талап қою мерзімін не құқық бұзушыны жауапқа тарту жөніңдегі талаптарды мәлімдеудің нақты жол кесу мерзімдерін ескерсек (мысалы, кепілдік мерзімі белгіліенген тауарларды сатқандағы кепілдік мерзімі, кепілдік бойынша жұмыс сапасының мердігерлік мерзімі), несие берушінің талап қою мерзімі шегінде не жауаптылыққа тарту жөнінде талап қоюдың белгіленген мерзімі шегінде талап мәлімдемеуі де құқықбұзушыны жауапкершіліктен босатудың негізі болып табылады.
Талап қою мерзімінің немесе борышкерді жауапқа тартудың жол кесу мерзімінің өтуі материалдық мәнде алғанда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бірден тоқтауына әкеп соқпайды. Борыш­кер өзінің заңдық жауаптылығынан туындайтын міндеттемені көрсетілген мерзімдер өткен күннің өзінде ықтиярымен орындауға құқылы. Сонымен қатар, көрсетінген мерзімдердің өтуі міндеттеменің орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етудің тоқтауына әкеледі (талап қою құқығы тоқтайды), ал борышкер, талап қою мерзімінің өткендігі туралы немесе жауапкершілікке тартудың жол кесу мерзімінің өткендігі туралы мәлімдеп, міндеттеме бұзғандығы үшін жауапкершіліктен босанады. Азаматтық құқықтың азаматтық құқықтарды сот арқыны қорғаудың тәртіптері туралы бас принципін ескерсек құқықбұзушыны сот арқылы мәжбүрлеу және мәжбүрлеп сотқа тарту құқығынан несие берушіні айыру, құқық- бұзушының көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін жауапкершілікті ықтиярымен өз мойнына алуынан басқа реттерде оны жауаптылықтан босатады.
Борышкерді кінә принципіне де, келтіру принципіне де негізделген, міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан толық немесе ішінара босатудың жалпы негізі — несие берушінің міндеттемені бұзудағы кінәсі (қастандық ойы немесе абайламауы). Несие берушінің кінәсі әртүрлі мән-жайларда көрініс табуы мүмкін. Бұл несие берушінің шарттың кейбір талаптарын немесе өзгедей шарттан тыс міндеттемелердің ережелерін бұзудағы кінәсі болуы мүмкін, мысалы, жеткізу шарты бойынша көлік ұйымынан тауар қабылдау ережесін сатып алушының бұзуы, құрылыс мердігерлігі шартының объектісін кепілдік мерзім бойына тапсырыс берушінің дұрыс пайдаланбауы, және т.б. Бұл ретте, борышкердің міндеттемені несие берушінің кінәсінен орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін азайтудың немесе болдырмаудың негізіне несие берушінің міндеттеменің бұзылуына септігін тигізген кінәлі (қастандық оймен немесе абайламай) әрекеті де, оның борышкер жауапкершілігін азайтудағы әрекетсіздігі де (ақылға қонымды шаралар қолданбауы) алынады.
Несие берушінің борышкердің тиісінше орындағанын өз мерзімінде қабылдамауы да, АК-ның 366-бабына сәйкес, борышкерді кінә прин­ципіне де, келтіру принципіне де негізделген жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алғандығынан туындаған салдарлар үшін жауаптылықтан борышкер сол мерзім өте бастаған кезден бастап босатынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет