2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Жауапкершіліктің жекелеген түрлері бойынша жауапкершіліктен



бет79/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Жауапкершіліктің жекелеген түрлері бойынша жауапкершіліктен босатудың негіздері. Кінә принципіне негізделген жауапкершіліктің түрлері үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі — міндетті адамның әрекеттерінде, тіптен міндеттемелік субъективтік азаматтық құқық бұзылса да, кінәнің болмауы. Айта кететін тағы бір жағдай - АК-ның 359-бабының 1-тармағына сәйкес жалпы диспозитивтік ереже көзделген, бұл ережеде міндеттеме бұзылған жағдайда борышкердің кінәсі бар деп болжамдалады, ал кінәсінің жоқтығын борышкердің дәлелдеуі керек делінген. Заңнамада (мысалы, жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғандық үшін, сондай-ақ кінә принципіне негізделген жауапкершілік бойынша кері презумпция — борышкердің кінәсіздік презумпциясы көзделген, ал кінәні дәлелдеу ауыртпалығы жәбірленушіге жүктелген) немесе шартта өзгеше көзделген. Борышкердің міндеттемені тиісінше орындауға, оның ішінде міндеттеменің бұзылуын болдырмауға қатысты, өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауы борышкерді кінәден айырады. Сондықтан, міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдағанын борышкер дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады және кінә принципіне негізделген жауапкершіліктен босатылады.
Келтіру принципіне негізделген жауапкершілік үшін міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамағандық үшін жауапкершіліктен борышкерді босатудың басты негізі жойқын күш болып табылады. Міндеттеме тараптары міндеттемені орындаудың қалыпты дамуында және азаматтық айналым жағдайында қажетті қамқорлық пен қараушылық денгейінде алдын ала көруі мүмкін емес және көруге тиіс емес, тараптардың санасы мен еркіне, жауапты адамдардың қызметімен байланысты емес объективтік кездейсоқ оқиға жойқын күш деп саналады. Дүлей күш, ол мұндай жағдайлардағы төтенше және тойтарыс бермейтін оқиға, әдетте төтеншелік, оның ауқымдылығынан, қарқынынан, ерекшелігінен туындауы тиіс. Кебіне дүлей күшке табиғи сипаттағы оқиғалар, мысалы, су тасқыны, дауыл, жер селкінісі, жанартау атқылауы және т.б. жатады. Сонымен қатар, өзге де тосын оқиғалар мен олардың тікелей салдарлары дулей күш деп танылуы мүмкін, мысалы: техногендік сипаттағы апаттар (ядролық объектідегі немесе өзге объектідегі апат, ғарыш объектісіндегі апат және т.б.), соғыс қимылдары және т.б. Сонымен қатар, не жауапты адамның өзінің қызметімен байланысты, не жосықты кәсіпкерлік тәуекел ұғымына жататын мән-жайлар: міндеттемелерді орындауға қажетті тауарлардың, жұмыстар мен кызметтің рынокта болмауы, борышкердің контрагенттерінің өз міндеттерін бұзуы, міндеттемені орындауы үшін борышкерде ақша қаражатының болмауы және т.б. дүлей күш деп танылуға тиіс емес.
Егер дүлей күш пен борышкердің міндеттемені орындамауы немесе дұрыс орындамауы арасында себептік байланыс болса ғана, дүлей күш, келтіру принципіне негізделген жауапкершіліктен босатудың негізі болып саналады. Ондай себептік байланыс болмаса борышкердің жауаптылықтан босауы мүмкін емес. Жалпы ереже бойынша, дүлей күш пен міндеттемені орындамаумен немесе тиісінше орындамаумен арадағы себептік байланысты дәлелдеу ауыртпалығы борышкерге жүктеледі.
Егер заңда жәбірленушінің қастандық ниеті ғана жауапкершілікті болдырмайды не дүлей күш әсер еткенде де жауапкершілік (сөзсіз жауапкершілік) болады деп тікелей керсетілсе ғана дүлей күш келтіру принципіне негізделген жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, келтіру принципіне негізделген жауапкершіліктің кейбір түрлерінде дүлей күш борышкерді міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Келтіру принципіне негізделген жауапкершіліктің кейбір түрлері үшін заң, актілерінде жауапкершіліктен босатудың дүлей күшке қарағанда басқа, атап айтканда жәбірленушінің қастандық ниеті сияқты косымша негіздері көзделуі мүмкін.
Жалпы ереже бойынша, дүлей күш, АК-ның 359-бабының 2-тармағына сәйкес, міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамды кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда жауаптылықтан босатады. Шартта немесе заңнамада өзгеше кезделуі мүмкін. Заңнамада немесе шартта, борышкерді кәсіпкерлік қызмет барысында өзі жүзеге асыратын міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын, дүлей күшке қосымша өзгедей да негіздер көзделуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет