2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет30/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Бағалы қағаздардың түрлері. АК бағалы қағаздардың: 1) ұсынбалы; 2) атаулы 3) ордерлік түрлерін ұсынады (129-б. 2-т.).
Ұсынбалы бағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша міндеттемені талап етуге уәкілетті, тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілкті болады.
Атаулы бағалы қағазда бағалы қағаз куәландырған міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы бар адам керсетіледі. Атаулы бағалы қағаз куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Сондықтан осындай бағалы қағаз бойынша құқығын беретін адам мен оның құқык; мирасқоры арасындағы қатынастарға АК-ның 347-бабының нормасы таралады, ол бойынша талап етуді берген бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа жағдайда жауап бермейді.
Ордерлік бағалы қағаз – ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар индоссамент арқылы берілген, жағдайда, басқа тұлғаға тиістілігін растайтын бағалы қағаз. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру осы қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы беріледі. Берілетін жазулар, әдетте, құжаттық бағалы қағаздың сыртқы бетіне белгіленген нысанда түсіріледі, не электронды жазба түрінде арнайы парақпен бағалы қағазға қоса ұсынылады.
Индоссаментте, әдетте, оған немесе оның бұйрығына бағалы қағаз жөніндегі құқық берілетін адам (индоссат) көрсетіледі. Оған немесе оның бұйрығына ордерлік бағалы қағаз жөніндегі құқық берілетін адам керсетілмеген индоссамент бланкілік индоссамент деп аталады. Бланкілік индоссамент оны беруші адамның (индоссанттың) ғана қойған қолынан тұруы мумкін. Бланкілік индоссаменті бар ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар ордерлік бағалы қағаздың құкық мирасқорына қолма-қол тапсырылуы мүмкін. Ордерлік бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне бланкілік индоссамент берілмейді. Мәселен, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлықтың 16-бабына сәйкес, ипотекалық куәлік бойынша құқықтарды тапсыруда беру жазуында ипотекалық куәлік бойынша құқықтар берілетін адамның аты-жөні дәлме-дәл әрі толық көрсетілуі тиіс. Ипотекалық куәліктегі бланкілік беру жазулары жарамсыз деп есептеледі..
Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам - индоссант индоссатқа берілген талап ету құқығының жарамдылығына ғана емес, сондай-ақ оның орындалуы үшін де жауапты болады.
Тиісті бағалы қағаздың түрін осындай бағалы қағазды шығаруды реттеп отыратын заң актісі айқындайды. Мәселен, акциялар тек атаулы, ал ипотекалық куәлік - ордерлік бағалы қағаз болуы мүмкін.
Бұған қоса, эмиссиялық және эмиссиялык емес бағалы қағаздар болады. Бір эмиссия (шығарылым) шегінде осы эмиссия үшін бірдей жағдайларда орналастырылатын және пайдаланылатын біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздарға жатады ("Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңның 1-б. 88-т.). Эмиссиялық бағалы қағаздарға, атап айтқанда, акциялар мен облигациялар жатады. Мұндай бағалы қағаздар эмиссиясы (мемлекеттіктен басқалары) "Бағалы қағаздар туралы" заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі және, әдетте, тіркелуге жатады. эмиссиялық атаулы бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу міндетті болып табылады.
Бағалы қағаздар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарға бөлінеді.
Егер бағалы қағазды шығару шарттары бойынша оны осы эмитенттің басқа түріндегі бағалы қағазға ауыстыру құқығы көзделген болса, ол айырбасталатын бағалы қағаз деп аталады. Мәселен, артықшылықты акцияның иесінде оны акция эмиссиясында айқындалған жағдайларда осы акционерлік қоғамның жай акциясына айырбастау құқығы болуы мүмкін. Айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару акционерлік қоғамның жарғысында көзделуге тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 30-б. 1-т.).
Объектісі басқа бағалы қағаздар болып табылатын құқықты куәландыратын бағалы қағаздар туынды бағалы қағаздар деп аталады. Мәселен, опцион туынды бағалы қағаз болып табылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 29-б. 1-т. 15-т-ша).
АК-ның 129-бабы облигацияны, коносаментті, акцияны бағалы қағаздарға жатқызады, және ол заң актілерімен толықтырылуы мүмкін. Атап айтқанда, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлықтың 12-бабына сәйкес, ипотекалық куәлік ордерлік бағалы қағаз болып табылады.
Чек пен вексельде бағалы қағаздың барлық белгілері сақталын, олар дәстүрлі турде бағалы қағаздарға жатқызылғанымен, олар 1997 ж. 11 шілдедегі Заң арқылы АК-ның бұрынғы 130-бабындағы бағалы қағаздар тазбесінен алынып тасталды.
Оны иеленушінің (облигационердің) облигация шығарған тұлғадан (эмитенттен) онда көзделген мерзімде облигацияның атаулы құнын немесе өзге де мүліктік баламасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация ретінде танылады. Тиісінше, облигация дегеніміз заем қатынастарын куәландыратын борыштық құжат болып табылады. Облигация, әдетте, өзін ұстаушыға онда көрсетілген, облигацияның (купондық облигация) атаулы құнынан есептелген сыйақы (мүдде) алуға құқық береді. Дисконттық облигацияны эмитент атаулы құнынан төмен бағамен өткізеді, ал атаулы құны бойынша жояды. Облигация шығару жағдайлары бойынша облигационерге оның атаулы құнының (мақсатты облигациялар) мүліктік баламасын алуға құқық берілуі мүмкін. Облигациялар эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Өз ұстаушысының (Акционердің) акционерлік қоғамның таза табысының бip бөлігін дивидендтер түрінде алуына, Акционерлік қоғамның icтepiн басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бip бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады (АК 139-б. 1-т.).
Заңдарға сәйкес, Акционерлік қоғам құжатталмаған не құжатталған нысанда атаулы акцияларды ғана шығара алады. Акциялар жай және артыкшылыкты акцияларға бөлінеді. Жай акция өзінің иесіне барлық жағдайларда қоғамды басқаруға құқық береді. Артықшылықты акциялар дегеніміз Акционерлік қоғамдар туралы заңда тікелей белгіленген жағдайлардан басқа реттерде дауысы жоқ, дивидендтерінің мөлшері ең аз акциялар болып табылады (13-баптың 2-4-тармак;ілалары). Дауысы жоқ артықшылықты акциялардың иелері акционерлердің жалпы жиналысына және құн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін қатысуға құқылы. Мұндай акция бойынша берілетін дивидендтердің ең аз мөлшері және оларды төлеу тәртібі шығару проспектісінде көрсетіледі. Артықшылықты акцияларды иеленушілердің (басқа акционерлермен салыстырғанда) акционерлік қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бip бөлігін алуға басым құқығы болады. Артықшылықты акциялар акционерлік қоғамның жарияланған акцияларының 25 пайызынан аспайтын сомаға шығарылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары "алтын акция" деп аталатын акция енгізуі мүмкін, оның иесі жарғылық капиталды қалыптастыруға қатыспайды және дивидендтер алатын құқығы болмайды. "Алтын акция" иесінің қоғам органдарының жарғыда анықталған мәселелер бойынша шешімдеріне тыйым салу құқығы ғана болады. "Алтын акция" бағалы қағаз емес және басқа тұлғаларға беруге жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет