2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет32/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Ар-намыс дегеніміз - бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі.
Қадір-қасиет дегеніміз - адамның өз қасиеттеріне, қабілеттеріне, дүние танымына, өзінің қоғамдағы маңызына өзі іштей беретін баға.
Іскерлік бедел дегеніміз - адамның іскерлік (өндірісттік кәсіби) қадір-қасиетіне қоғамдык пікір беретін тұрақты оң баға. Заң ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерліс беделге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару жолымен жеке адамды қорғауды көздейді.
"Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы" 1992 ж. 18 желтоксандағы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының №б Қаулысында аталған жағдайлардың әрқайсысын қалай түсіну керектігі баяндалған.
Егер кip келтіретін мағлұматтар бұқаралық ақпараттық құралдарында таратылса олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін теріске шығарылуы тиіс. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында оның құқықтарын немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияланған азамат немесе заңды тұлға нақ осы бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқылы болады.
Егер бұқаралық ақпарат құралы бұлайша жариялаудан бас тартатын болса, не оны бip ай ішінде жарияламаса, не оны жойып жіберсе, онда азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруды жариялау туралы сотқа талап қоюға құқылы және ол сотта қаралуы тиіс. Егер соттың шешімі орындалмаса, онда сот тәртіп бұзушыға бюджеттің кipiciнe алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық ic жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Оны төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды (АК 143-б. 5-т.).
Егер ұйымнан шығатын құжатта азаматтың заңды тұлғаның ар-намысына, кадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар болса, мұндай құжат алмастырылуы немесе хабар иесіне бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіні туралы міндетті түрде хабарлау арқылы қайтарып алынуы тиіс. (Мысалы, егер заңды тұлға туралы қате мағлұматтар хабарланса немесе азаматқа жуыспайтын мінездеме берілген болса.)
Өзі жөнінде оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған азамат немесе заңды тұлға мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен қатар, мағлұматтар тарату арқылы келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Егер осындай мағлұматтарды таратқан адам беймәлім болса және оны анықтау мүмкін болмаса, онда өзі жөнінде мәліметтер таратылған азамат немесе заңды тұлға таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Азаматтың жеке бастың құпиясын сақтау, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік және адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтау құқығы бар (АК 144-б.). Күнделіктерді, естеліктерді, жазбаларды және басқа құжаттарды жариялауға автордың келісімімен ғана, ал хаттарды жариялауға - олардың авторы мен адрес иесінің келісуімен ғана жол беріледі. Аталған адамдардың бipeyi қайтыс болған жағдайда құжаттар оның артында қалған жұбайының және балаларының келісуімен, ал егер тipi жұбайы немесе балалары жоқ болса — басқа туыстарының не осы өзіндік заттар қолында сақталған адамдардың келісімімен жариялануы мүмкін.
АК-да, сонымен қатар, өз бейнесіне құқықты қорғайтын нормалар бар. 145-бапта былай деп айтылған: "Қандай да бip адамның суреттік бейнесін оның келісуінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің келісуінсіз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ". Басқа адам бейнеленген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм) - бейнеленген адамның келісуімен, ал ол қайтыс болғаннан кейін - оның балалары мен артында қалған жұбайының келісуімен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол беріледі. Бұған мынадай екі жағдай кірмейді: біріншісі - бейнелеу туындысын жариялауға, қайта шығаруға белгіленген заң актілері жол беретін жағдайда; екінші - бейнеленген адам ол үшін ақы алып кескінделген жағдайда. Бұл екі жағдайда бейнеленген адамның келісуі талап етілмейді. АК-ның 146-бабына сәйкес, азаматтың тұрғын үйіне қол суғылмау құқығы бар, яғни заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде (мысалы, егер тінту жургізуге прокурордың рұқсаты не мүлікті тәркілеу туралы соттың шешімі болса) азаматтың тұрғын үйіне өзінің еркінен тыс баса-көктеп кірудің кез келген әрекетін тыюға құқығы бар. Қалған жағдайлардың барлығында онда тұратын адамдардың еркінен тыс тұрғын үйге баса-көктеп кірудің кез келген әрекеті заңмен жазаланады.


Сызба 3
А ЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЬЕКТІЛЕРІ

МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МҮЛІКТІК ЕМЕС ИГІЛІКТЕР


МЕН ҚҰҚЫҚТАР МЕН ҚҰҚЫҚТАР


ЗАТ ӨМІР, ДЕНСАУЛЫҚ


АҚША, ВАЛЮТА АР-НАМЫС, ҚАДІР-ҚАСИЕТ
ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛ
ҚАЗЫНАЛАР
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖЕКЕ БАСТЫҢ
ҚҰПИЯСЫ

ЖҰМЫС ЖӘНЕ ӨЗ БЕЙНЕСІНЕ


ҚЫЗМЕТ ҚҰҚЫҚ
ФИРМАЛЫҚ АТАУ,
ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛ
СҰҒЫЛМАУ ҚҰҚЫҒЫ

ҚЫЗМЕТТІК ЖӘНЕ


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ

КӘСІПОРЫН МҮЛІКТІК


К ЕШЕН РЕТІНДЕ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет