2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Кепілдік берушінің және кепіл болушының құқықтары



бет70/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Кепілдік берушінің және кепіл болушының құқықтары:

  • Кепілдік беруші, егер кепілдік шартында өзгеше туындамаса, несие берушінің талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға құқылы. Ол бұл құқығын тіпті егер борышкер олардан бас тартқан немесе өзінің қарсылығын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды /АК 333 б. 2 т./.

  • Міндеттемені орындаған кепілдік берушіге несие берушінің осы міндеттеме жөніндегі барлық құқықтары және кепіл ұстаушы ретінде несие берушіге тиесілі құқықтар кепілдік беруші несие берушінің талабын қанағаттандырған көлемде көшеді.

  • Кепілдік беруші борышқордан несие берушіге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын төлеуді және борышқор үшін жауапкершілікке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы

Кепіл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие беруші алдындағы міндеттемесін өзі орындаған бөлігінде ие болады.
Негізгі міндеттемені өзі орындаған борышқор кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда өз кезегінде міндеттемені орындаған кепілші не кепіл болушы несие берушіден негізсіз алынғанды өндіріп алуға, не борышқорға кері талап қоюға құқылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушіден тек негізсіз алынғанды ғана өндіріп алуға құқылы./АК 335 бап/.
Несие беруші міндеттеменің, қабаттасып (қайтара) орындалғанын қабылдауға тиіс емес. Қабылдаған жағдайда ол негізсіз байығаны үшін жауап береді.
Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтауы /АК 336 б/. Кепілдік пен кепіл болушылық қамтамасыз етілген міндеттеменің тоқтатылуымен бірге тоқтатылады, сондай ақ осы негізгі міндеттеме кепілші мен кепіл болушының жауапкершілігін олардың келісімінсіз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкеліп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады.
Кепілдік және кепіл болушылық, егер кепілші немесе кепіл болушы несие берушіге жаңа борышқор үшін жауап беруге келісім бермесе, кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме жөніндегі борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады.
Кепілдік және кепіл болушылық, егер олар өздері қамтамасыз еткен міндеттемені орындау мерзімінің басталуына қарай борышқор немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса тоқтатылады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі міндеттемені және борышкердің оны тиісінше орындау жөніндегі міндеттемесін тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартуы оған деген өзінше санкция түрінде болады.
Кепілдік және кепіл болушылық оларға шартпен белгіленген мерзім біткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзім белгіленбесе , егер несие беруші кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жылдың ішінде кепідік берушіге немесе кепіл болушыға қуаным жасамаса, ол тоқтатылады. Негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілмеген және белгілеуге болмайтын немесе талап етумен белгіленген кезде , кепілдік және кепіл болушылық егер несие беруші кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға кепілдік немесе кепіл болушылық шарты жасалған күннен бастап екі жылдың ішінде қуаным жасамаса , егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе , кепілдік және кепіл болушылық тоқтатылады /АК 336 бап/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет