2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің нысаны – жазбаша



бет68/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің нысаны – жазбаша. Жазбаша нысанды сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.


3. Кепілпұл
Кепілпұл дегеніміз келісуші тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатың төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома. Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, оның жарамсыздығына әкеліп соқтыру қаупімен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер негізгі міндеттемені нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті (АК 337-б. 2-т.).
Кепілпұлдың функциялары: 1)төлемдік (негізгі міндеттеме бойынша төлемдердің есебіне беріледі); 2)куәландырушы (кепілпұл шарттың жасалғандығын куәландыруға беріледі); 3)қамтамасыз етуші (кепілпұл негізгі міндеттеменің есебіне жатқызылады және осы бөлікте оның орындалуына кепілдік береді). Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті. 4)өтемелілік (шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті).


4. Кепілдік және кепіл болушылық
Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз eтy тәсілі ретіндегі мәні — борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілікті үшінші жақтарға тарату және оларды, орындауға міндетті адамдар қатарына тарту.
Кепілдік бойынша кепілдік беруші (әрі қарай кепілші) деп аталатын тұлға басқа тұлғаның (борышқордың) несие бepyшіci алдындағы міндеттемесінің орындалуына сол негізгі борышқормен толық немесе ішінара ортақтасып жауап беруге міндеттенеді.
Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара субсидиярлы жауап беруге міндеттенеді /АК 330 б/.
Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің құқықтары ауысады, ол ауысу ешқандай ресімдеуді керек етпейді. Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылығы олардың қосымша міндеттеме ретінде ортақтастығында не субсидиялығында, сондай-ак, кепілші мен кепіл болушының борышкер міндеттемесін орындауының шегінде және оларға талап қою тәрібінде.
Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау олардың жарамсыздығына әкеліп соқтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет