2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет76/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Моральдық зиян дегеніміз жәбірленушінің құқықтың бұзылуы, оның ішінде міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, таба болуы, көңілінің қынжылуы, қулазуы және т.б.) Моральдық зиян ақша түрінде өтеледі. Моральдық зиянның орнын толтырғанда өзіне келген моральдық залалдың ауырлығын жәбірленушінің субъективтік, бағалауы да, жәбірленушінің дене және көңіл күйзелісінің дәрежесін көрсететін объективтік деректер ескеріледі (қол сұғу нысанына айналған игіліктің өмірдегі маңыздылығы, құқық бұзушылық салдарының ауыртпалығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өpici, жәбірленушінің өмір сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайлар). Шығындарды өтеу мен моральдық зиянды өтеудің ара қатынасына келетін болсақ, АК-ның 352-бабына сәйкес, моральдық зиян міндеттеме бұзылудан келген зияннан тыс өтеледі.
Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың арасында жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақ және субсидиялық жауапкершілік болып келеді. Тараптардың адамдарының көптігін анықтау тәртібі АК-ның 269-бабының 2-тармағында көзделген.
Адамдары көп тараптардың міндеттері құқықтық реттеу және міндеттеме тараптарының бірeyi болып табылатын адамдар арасында құқықтар мен міндеттер бөлу тәртібі АК-ның 286-288-баптарында көзделеді. Бұл нормаларға сәйкес, міндеттемеде борышкер жағында адамдар көптігінде, міндеттеме шартымен немесе оған қатысты заң нормаларында әрбір адамның нақты міндеттемесі анықталмаған болса, үлесті міндеттеме туындайды. Мұндай міндеттемеге қатысты әрбір адамның міндетін анықтау тәртібі жайында міндеттеменің өзгедей жағдайлары немесе заң міндеттеуі болмағандықтан, бұл ретте, әр адамның үлесі теңдей және әрбір борышкер міндеттемені басқа борышкерлермен бірдей үлесте орындауы тиіс деп саналады. Тиісінше, бұл жағдайда, әр адамның жауапкершілігі де үлесті болады, және әркімнің жауапкершілік мөлшері өзара тең болады. Несие беруші бұл жағдайда борышкер жағындағы әр адамды теңдей үлесте жауапқа тартуды талап ете алады. Адамдар арасында нақты үлес белгіленуі мүмкін, бұл ретте әркімнің жауапкершілігі оның үлесіне сәйкес анықталады.
Борышкер жағында адамдар көп міндеттемеге қатысты міндеттеме шарттарында немесе заң актілерінің нормаларында борышкер жағындағы әрбір адамның міндеттемені толық орындауға міндетілігі белгіленуі, яғни ортақтас міндеттеме белгіленуі мүмкін. Бұл ретте, борышкер жағындағы әрбір адамның ортақтас жауапкершілігі де туындайды, ал несие беруші ол адамдардың әрқайсын толық көлемдегі міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тартуға құқылы. әрине, борышкер жағындағы адамдардың біреуінің міндеттемені орындауы не оны толық көлемде жауаптылыққа тарту басқа адамдарды несие беруші алдындағы міндеттемеден босатады. Ортақтас борышкерлердің біреуінен жауаптылықтың толық сомасын ала алмаса, несие беруші алынбаған бөлікті ортақтас борышкерлердің кез келгенінен талап етуге құқылы.
Борышкер жағында адамдар көп міндеттемеге қатысты міндеттеме шартында немесе заң актілерінің нормаларында негізгі борышкер анықталуы мүмкін, оған орындау туралы талап бірінші кезекте қойылу тиіс, ол міндеттемені бұзып міндеттеме толық орындалмай қалса, сол орындамай қалған бөлікті борышкер жағындағы басқа адамдардың орындауын талап ету мүмкіндігі белгіленуі, яғни субсидиялық міндеттеме белгіленуі мүмкін. Негізгі борышкер міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда міндеттемені орындауы тиіс басқа адамдар субсидиялық борышкерлер деп аталады. Тиісінше, субсидиялық міндеттемеден субсидиялық жауапкершілік туындайды, оны құқықтық реттеудің ерекшеліктері АК-ның 357-бабында көзделген. Субсидиялық жауапкершілік жүктелген субсидиялық борышкер мына жағдайда жауаптылыққа тартылады: біріншіден, негізгі борышкерге талап қойылғаннан кейін ғана, екіншіден, негізгі борышкер талаптарды толық көлемде орындамағаннан не несие беруші ақылға қонымды мерзімде одан жауап алмағаннан кейін ғана; үшіншіден, несие берушінің негізгі борышкерге талаптарын негізгі борышкердің кері талаптарын есепке жатқызу жолымен қанағаттандыру мүмкін болмағаннан кейін ғана; және, төртіншіден, негізгі борышкер орындамаған бөлігіне ғана қатысты. Субсидиялық борышкер, несие беруші өзіне қойған талаптарды орындағанға дейін ол жайында негізгі борышкерді хабардар етуге, ал талап қойылған жағдайда — негізгі борышкерді іске тартуға міндетті. Бұл міндеттерді орындамау кейін негізгі борышкерге регрестік талап қойылғанда субсидиялық борышкерде қолайсыз салдарлар болу қаупін тудырады, себебі, бұл ретте, негізгі борышкер негізгі міндеттемені орындаған және негізгі міндеттеменің бұзылуына байланысты жауапкершілік жүктелген субсидиялық борышкердің регрестік талаптарына қарсы өзінің несие иесіне қойған талаптарын оған қарсы қоя алады.
Жауапкершіліктің айрықша түрлері – борышкердің өз қызметкерлерінің әрекеті үшін жауапкершілігі , борышкердің үшінші жактың әрекеті үшін жауапкершілігі ажыратылады
Жауапкершіліктің ерекше бір түрі — несие берушінің міндеттеме бойынша орындауды қабылдаудың мерзімін өткізіп алғандық үшін борышкер алдындағы жауапкершілігі. Егер несие беруші борышкер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие берушінің бас тартса немесе заңнамада немесе шартта көзделген не іскерлік айналым дағдысынан немесе міндеттеме мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса, ол мерзімді өткізіп алған деп саналады. Борышқордың міндеттемені орындалғанын тиісінше растаудан бас тартқан жағдайда да несие беруші мерзімді өткізіп алған болып есептеледі. Мұндай растау мысалы, борышкердің міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі үшін кепілге берген мүлкіне оның билік етуіне қойылған шектеулерді алу үшін керек. Несие беруші мерзімді өткізіп алғанда борышкер одан келген шығынның өтелуін талап етуге құқылы, бұл жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері қарама-қарсы бағытта өзгереді: негізгі міндеттеме бойынша несие беруші шығынды өтеу міндеттемесі бойынша борышкерге, ал борышкер — несие берушіге айналады. Бірақ несие беруші мезгілді өткізім алі өзі не міндеттемені қабылдап алу жүктелген тұлға жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп берсе мерзімінді өткізіп алу салдарынан келтірілген залалды өтеу міндетінен босатылады.
Мерзімді өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының барлық қолайсыз салдары жүктеледі.
Ақшалай міндеттеме бойынша борышқор несие берушінің мерзімді өткізіп алғаннан кейінгі уақытына сыйақы төлеуге міндетті емес(АК 366-бап).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет