2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түрлері



бет75/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түрлері. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады. Құқық бұзұшының жауапкершілігінің негізіне қарай шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді.
Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданынатын санкциялар бойынша: борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздың айыбын төлеу, кепілпұл сомасын төлеу, моральдық зиянның орнын толтыру және т.б. жөніндегі жауапкершілік сияқты түрлері ажыратылады. Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі болады.
Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелерда бұзғандыгы үшін жауапкершіліктің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті атау керек. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Бөтеннің ақашасын заңсыз пайдалану дегеніміз ақша міндеттемесін орындамау (ақша төлеу жөніндегі міндеттемелер) не оны төлеудің мерзімін өткізіп алу, басқа адамның есебінен ақшаны негізсіз алу және сақтау және т.б.
353-баптың 2-тармағында бекітілген жалпы ереже бойынша, бөтеннің ақшасын пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы осы ақша сомасын несие берушіге төлеген күн бойынша алынады. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы алынатын мерзімді анықтаудың өзге тәртібі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін. Яғни, міндеттемелердің кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не шарт талаптарымен бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымында тұрақсыздық айыбын есептеуге болатын ең шекті мерзім белгіліенуі, не ең шекті мөлшер белгіленуі мүмкін.
АК-ның 353-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақсыздық айыбының мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі ҚР Ұлттық Банкі белгіліеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша есептеледі. Сонымен қатар, заңды тұрақсыздық айыбын сот арқылы өндіргенде сот несие берушінің талабын талап арыз берілген күнгі, шешім шығарылған күнгі немесе нақты төлем жасалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйеніп қанағаттандырады. АК-ның 353-бабының 1-тармағында, заңды тұрақсыздық айыбының мөлшерін анықтау тәртібі туралы ереже, бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін заң актілерінде немесе шартта тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері белгіленбеген жағдайда, толықтырушы болып қалады. Яғни, міндеттеменің кейбір түрлері үшін заң актілерінің ережелерінде немесе шарт талаптарымен тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, Ұлттық Банктың қайта қаржыландыру ставкасымен салыстырғанда одан асатын не төмендеу мөлшер, не тұрақсыздық айыбының ең шекті мөлшері белгіленуі мүмкін.
Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы, АК 353-б. 3-т. сәйкес, есептік деп анықталады, және өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген шығындардың сомасына есептеледі. Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам, сол ақшаны заңсыз пайдаланудан келген шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен асатын бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет