2. Міндеттемені бұзғандығы үшінжауаптылық шарттары Міндеттемені бұзғандығы үшін жауаптылық шараларын қолдануға негіз болып, тұлғаның міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау түрінде азаматтық құқық бұзушылық жасауы. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеуінің жалпы шарттары мыналар: 1) бұзұшының құқыққа қарсы қылығы; 2) залалдың немесе шығынның болуы; 3) құқыққа қарсы қылық пен зиян әкелген салдарлар арасында себептік байланыстың болуы; 4) құқық бұзұшының кінәсінің болуы. Бұл аталған жағдайлар құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Жауаптылықтың кейбір түрлерінің арнайы жағдайлары аталған жағдайлардың кейбірін қамтымауы мүмкін. Мысалы, тұрақсыздық айыбын өндіру үшін шығынның болуы керек емес.
Жауапкершіліктің жалпы шарттары, әдетте, екі топқа топтастырылады: құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Бұл ретте объективтік жақтың элементтеріне: құқыққа қайшы қылық; ic-әрекеттің зиян әкелетін нәтижелері; ic-әрекет пен зиян әкелетін нәтиже арасындағы себепті байланыс жатады.
Субъективтік жақтың элементіне, жалпы ереже бойынша, кінә, басқаша айтқанда, субъектінің өзінің құқыққа қайшы қылығына және оның салдарына теpic пиғыл немесе абайламау түріндегі психикалық қатынасы, сондай-ақ құқық- бұзудағы себеп пен мақсат жатады.
Барлық міндеттемелік құқық бұзушылықтың құрамдарын біріктіретін екі жалпы принцип бар: 1. кінә принципі 2.келтіру принципі . Келтіру принципі заң әдебиеттерінде көбіне, тәуекел бастамаларына негізделген жауапкершілік деп аталады.
Кінә принципіне сәйкес жауапкершілік, құқық бұзушының кінәсінің азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктеу үшін қажетті шарты ретінде болуын көздейді, ал келтіру принципіне сәйкес — азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеу шарты ретінде кінәнің болуы қажет емес. Сонымен қатар, кінә принципі мен келтіру принципіне сәйкес жауапкершілік қолдану үшін оларды біріктіретін, объективтік жағына жататын жағдайлар: борышкердің, құқыққа қайшы қылығы және осы қылық пен құқықбұзу арасындағы себептік-салдарлық байланыс болуы тиіс.
ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес кінә принципі құқық бұзұшыға жауапкершілік жүктеу үшін басты принцип болып табылады, бірақ заңнамада немесе шартта келтіру принципімен де жауапкершілік белгілеу жолы қарастырылған.
Мысалы, АК 359-б.1-т. сәйкес, борышкер, егер кінәсі болса, міндеттеменің бұзылғаны үшін жалпы ереже бойынша жауап береді. Борышкердің міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті кінәсіз, тек құқықбұзу фактысының негізінде ғана белгілеу заңнамада немесе шартта кезделуі мүмкін. Яғни, жалпы ереже бойынша, егер заңнама нормаларында немесе шарт талаптарында өзгеше айтылмаса, құқық бұзушының құрамының қажетті шарты кінә болып табылады. Егер заңнама нормаларында кінәнің болуын жауапкершіліктің міндетті талаптарының бірі деп қарайтын императивтік ереже болмаса, шарт жағдайларымен кінәсіз жауапкершілік белгілеуге болады.
Мысалы, АК 359-б. 2-тармағына сәйкес, кәсіпкердің өзінің кәсіпкерлік қызметіне байланысты жүзеге асыратын міндеттемелері бойынша жауапкершілігі үшін келтіру принципі көзделген.
Мұндай тұлғалардың мұндай міндеттемелер бойынша жауаптылығы, жалпы ереже бойынша, кінәсіз жүктеледі. Ал мұндай субъектінің кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттемелері бойынша 359-баптың кінә негізінде борышкердің жауапкершілігін белгілейтін 1-тарағының жалпы ережесі қолданылады.
Жауапкершілік мөлшерін анықтау үшін елеулі маңызы бар жағдайлардың бірi, АК-ның 365-бабына сәйкес, борышқордың мерзімді өткізіп алуы саналады. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімді өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшін жауап береді. Егер борышқордың мерзімді өткізіп алу салдарынан міндеттемені орындау несие беруші үшін керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы себепті міндеттеме әзірше орындала алмайтын болса, борышқор мерзімді өткізіп алушы болмайды.