2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптеріКепілдік берушінің жауапкершілігі
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
Кепілші несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерді ескертуі тиіс, ал несие беруші оған талап қойған жағдайда — борышкерді іске қатысуға тартуға міндетті /АК 333 б. 1 т/. Олай болмаған жағдайда борышкер өзінің несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алады, мысалы, талаптың мөлшері бойынша, оның заңдылығы бойынша, т.б. Кепілдік пен кепіл болушылық шарттық институттарының арасындағы негізгі айырмашылықтары мынлар жатады: 1) жауапкершіліктің сипаты — кепілшінің негізгі міндеттемені орындау жөніндегі міндеттемесі ортақтас, ал кепіл болушының міндеттемесі — субсидиялық (қосымша) болып келеді; 2) жауапкершіліктің көлемі — несие беруші алдында кепілші борышкермен бірдей көлемде жауап береді, оған сыйақыны (мүдде), борышты өндіруге байланысты сот шығындарын және несие берушіге борышкердің міндеттемені орындамағанынан немесе тиісінше орындамағаннан келген залалды, егер кепідік шартында өзгеше көзделмеген болса /332 б. 2 т./; Ал кепіл болушы болса борышкердің жетіспейтін ақша қаражаты көлемінде несие беруші алдында жауап көтереді, бірақ, жалпы ереже бойынша, ол кепіл болушылықта көрсетілген соманың шегінен аспауға тиіс /332-б 3-т/; 3) талап қою тәртібі — несие беруші міндеттеменің оның орындалу мерзімі келген кезден бастап орындалуы туралы борышкер мен кепілшіге талап қоюға құқылы, ал міндеттемені орындауда кепілші мен борышкер ортақтас болғандықтан несие беруші олардың кез келгеніне талап қоя алады; кепіл болушыға талап қойғанға дейін несие беруші борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін ақылға қонымды шаралар қабылдауға тиіс, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгіленген тәртіпте борышкер мүлкінен ақы өндіріп алу арқылы /332-б 2-т/. жүктеу/скачать 0,93 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |