2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені тоқтатудың түсінігі және негіздері



бет80/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

4. Міндеттемені тоқтатудың түсінігі және негіздері
Міндеттемені тоқтату оның мазмұнын құрайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тоқтауын білдіреді. Тоқтатылу кезінде міндеттеме өз әрекет етуін тоқтатады және оның қатысушыларын бұрын содан шығатын құқықтары мен міндеттер байланыстырмайды. Бұл несие берушінің сол міндеттемеге сүйене отырып борышқорға қандай да бір талаптар қоя алмайтынын; тараптардың ол бойынша жауапкершілікті көтеруге міндетті еместігін; олардың өз құқықтары мен міндеттерін белгіленген тәртіпте үшінші тұлғаларға бере алмайтындығын және тағы сондай – сондай білдіреді.
Міндеттемелерді тоқтату негіздері. Міндеттемелердің тоқтатылуы үшін бірден бір заңдық фактілердің – міндеттерді тоқтату негіздерінің орын алуы қажет. Негіздердің тізімі Азаматтық кодекстің 367 бабының 1 тармағында берілген.
Міндеттерді тоқтату негіздерін 2 топқа бөлуге болады: Бірінші тараптардың еркі бойынша орын алатын негіздер (тиісінше орындау, бас тарту төлемі, есепке жатқызу, новация, борышты кешіру).
Екінші тараптардың еркіне байланыссыз міндеттемені тоқтататын негіздер (борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы, міндеттемені орындауға мүмкін болмауы, мемлекеттік органның құжаты шығарылуы, азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы).
Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тоқтатуға тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана топ беріледі (АК 367б. 2т).
Заңдар мен шартта міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін. (АК 367б. 3т). Мысалы, бөлінген және бөлініп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы (АК 48б. 2т). АҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы азайған кезде АҚ-ның несие берушілері тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын талап етуге құқылы (“Акционерлік қоғамдар туралы заң” –37 бап).


5. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген әдістері
Міндеттемені орындау арқылы тоқтату (АК 368б.) Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалғанда ғана тоқтатылады. (АК 272б.). Міндеттеме тиісті емес түрде орындалған ретте міндеттеме тоқтатылмайды, керісінше қосымша міндеттер пайда болады. (айып төлеу, шығындарды өтеу және т.с.с. бойынша).
Несие берушінің кінәсі бойынша борышқордың орындауы тұрып қалса, біріншіден мерзімді өткізіп алғандығы үшін борышқорды жауаптылықтан босатады, екіншіден несие берушінің мерзімді өткізіп алғандығына соқтырады. (АК 366 бап). Егер міндеттеме жазбаша нысанда белгіленсе, онда оны орындау да жазбаша ресімделуі керек.
Бас тарту төлемі (АК 369 бап). Бұл міндеттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады. Бас тарту төлемінің мәні сол, мұнда міндеттемені орындау міндеттеме пәнінің орнына басқа мүлік немесе ақша беру жолымен жүргізіледі. Сондай-ақ жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету ұсынылуы мүмкін.
Заң аналогиясы бойынша жаңғыртылудағы сияқты (АК 372б.) бас тарту төлемін азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты қолдануға жол берілмейді.
Бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай соманы төлеу борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады. (АК 354б. 3т) Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар белгілейді. (АК 369)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет