2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет82/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Жаңғыртылу-новация) (АК 372б.). Новация – бұл сол тұлғалар арасында бір міндеттемені басқасымен ауыстыру туралы келісім. (мысалы, сатып алу - сату шарты бойынша ақшаны төлеу туралы міндеттеме новация жолымен, сол тұлғалар арасында заемдік міндеттемемен ауыстырылуы мүмкін. Бұл ретте жаңа міндеттемеге қатысты нормалар әрекет етеді.)
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.
Новация мен бас тарту төлемінің бірден-бір ортақ жақтарының бар екенін ескеру керек. Бірақ олардың арасында айырмашылық бар: бас тарту төлемінің жалғыз мақсаты міндеттемені және тараптар арасындағы кейінгі бүкіл қатынастарды тоқтату болып табылады. Новацияның мақсаты бірінші кезекте міндеттемені тоқтату емес, жаңасын қалыптастыру болып табылады.
Борышты кешіру. АК 373 бабына сәйкес «несие беруші борышқорды мойнына алған міндеттерінен босатқанда, егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, міндеттеме тоқтатылады».
Борышты кешіру несие берушімен жасалатын бір жақты мәміле ретінде қарастырылады (АК 154б.).
Несие беруші, егер бұл үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзса және оны үшінші тұлға дәлелдей алса борышты кешіруге құқығы жоқ.
Кейде борышты кешіру борышқордың мүдделерін бұзуы мүмкін, мысалы қарсы орындау міндеттерінде. Сондықтан борышқор борышты кешіруден бас тартуы немесе қарсы міндеттемені орындауды талап етуі мүмкін. Мысалы телевизорды сатып алу-сату шарты бойынша сатушы борышқорды ақшаны төлеуден босатады, бұл оның телевизорды сатып алуға беру міндеттерінен босатпайды
Әйтпесе бұл жеткілікті негіздерсіз міндеттемені орындаудан бар жақты бас тарту болады.
Орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеменің тоқтатылуы (АК 374б.). АК 374б. сәйкес, егер мүмкіндіктің болмауы борышқор тауар бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Кінәнің жоқтығының дәлелдеу міндеттемені бұзған тарапқа жүктеледі.
Ақшалай міндеттерге міндеттеменің тоқтатылу негізі ретінде орындаудың мүмкін еместігі қолданылмайды (АК 374б.).
Орындаудың мүмкін еместігі жеке дара анықталған заттың жойылуы, азаматтың өкімі, өкілетті мемлекеттік органның тыйым салуы және тағы басқа болуы мүмкін. Экономикалық қиындылықтар жағдайында орындаудың мүмкін емес деп тануға болмайды.
Міндеттеменің орындаудың мүмкін еместігі жағдайында шарт тараптардың бірінің өтініші бойынша өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін (АК 404б.). Тарап міндеттемені орындай алмайтын ретте, бір тараптың екінші тараптан орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.
Борышқор несие берушінің әрекеттері кінәсінен, міндеттемені орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда несие берушінің одан міндеттеме бойынша атқарылғанының қайтаруды талап етуге құқығы жоқ (АК 374 т.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет