2 Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу



бет17/27
Дата04.01.2022
өлшемі173,01 Kb.
#109529
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Қазақстанның қазіргі замандағы тарихы Дәрістер жинағы 2020-2021 (1)

Дәрістің мазмұны: Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы қоғамдықсаяси өмірін демократияландыру, азаматтық қоғамды дамыту,ҚР дін мәселесі үрдістерді реттеу іс- шаралары қарастырылады.

1. 1985 жылдан кейінгі Қазақстан эволюциясының басты қорытындысының бірі - саяси плюрализм арқылы көппартиялық жүйеге өту болатын. Біртіндеп саясиландырылған қозғалыстардың жаппай өрістеуі Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуына жол ашты. Азаматтық және саяси қозғалыс барысында өз еркін білдіруге деген құқықты пайдалануға талпыныс 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен бастау алған еді. Ал көппартиялық үрдісін қалыптастыру болса, ол діни және саяси радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоюға, барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың, олардың қоғамдағы билік құрылымдарымен тиянақты және тұрақты пікірталас аясын кеңейту мүмкіндігін туғызды. Сонымен бірге, көппартиялық үрдіс кез келген партия мен топтар тарапынан саяси билікті монополиялауға тосқауыл қоюға жағдай жасады. Сөйтіп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық бірлестіктердің, ең алдымен партиялар мен қозғалыстардың қызметі арқылы басталған өзгерістер неғұрлым тиімді түрде жүзеге асырыла бастады.

Ақыры демократиялық үрдістер барысында қоғамда көппартиялық жүйе қалыптасты. Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5. 1996.) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) заңдарында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар және бірлестіктер құрылды.

Қазақстанның көппартиялық жүйесі дамуының кейінгі кезеңінде Қазақстанның «Азаматтық» партиясы (1998 ж.), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж.), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж.), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж.) болып дүниеге келген партия, 2006 жылы «Асар» партиясымен бірігіп «Нұр Отан» партиясыболып өзгертілді), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж.), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж.), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж.), «Нағыз Ақ жол» демократиялық партиясы (2006 ж.) құрылды.

2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңның негізінде саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың жалпы құқықтары мен міндеттері, қызметтерінің кепілдіктері заңдастырылып, саяси партиялардың мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары реттелді. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр дамуында ресми мәртебе алған екі мыңға жуық түрлі қоғамдық және саяси бірлестіктер пайда болса, олардың 1300-і облыстық әділет басқармасы деңгейінде тіркелді.

2. Егемендік жағдайындағы Қазақстанның азаматтық қоғамының қалыптасуы 1990 жылдан басталады. Дәл осы жылдың қазан айында Казақ КСР кәсіподақтарының Х1V cъезі болған еді. Онда 19 облыстық және 22 селолық кәсіподақ бірлестіктері Қазақстан кәсіподақтары федарациясын құрып, оның құрылтайшылары мен мүшелері болып тіркелді. Федерация қызметінің негізгі формасы - еңбкшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, тұрмыс, мәдениет, жұмыспен қамту, өз ұсыныстарын әзірлеу жолымен заң шығарушылық қызметке қатысу. Осы айтылғандардың көрінісі ретінде, 1993 жылы Республикадағы «Кәсіподақтар туралы» Заң қолданысқа енді де, бұл заң бойынша кәсіподақтарға депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығы берілді. Мұның өзі олардың мүдделерін жоғары заң шығарушы орындарда талап етуіне және мемлекетте жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық саясат бағытына ықпал етуіне мүмкіндік берді.

Қазақстанның әйелдер қозғалысы да азаматтық қоғамдық сектордың дамуына өз үлесін қосып келеді. 1995-1998 жж. Қазақстанда әйелдер қозғалысы жанданып, республикадағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары 6 есеге өсті. Республикалық мұсылман әйелдері лигасынан басқа «Айша», «Ақ отау», «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер қауымдастығы», «Жанар» кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры, Шығармашылық бастама көтеруші әйелдердің лигасы т.б. ұйымдар құрылды.

2002 жылы 20 қыркүйекте елімізде құқықтық реформаның жаңа кезеңі басталды. Қазақстандағы құқықтық реформаны жүзеге асыру бағытындағы маңызды қадамдар – Қазақстан Республикасы бойынша өкілдік институттарының (Омбудсмен) енгізілуі мен сот жүйесіндегі алқа билер сотының тәжірибеге енгізілуі болды. Сондай-ақ, Қарулы күштер мен Ішкі істер министрліктерінің басшылығына азаматтық министрлердің тағайындалуы да құқықтық реформадағы тәжірибелердің бірі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, елде азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет те соғұрлым дамитын болады.

Егер біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік мәселесін сөз етер болсақ, өз кезегінде, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты жүргізуде хан басты тұлға ретінде танылған. Ал хан атынан оның тапсырмасы бойынша сұлтандар, батырлар, билер келіссөздер жүргізіп, таяу-алыс шептерге сапарға шығып тұрған. Бүгінгі егеменділік жағдайында, ата заңымызға сәйкес хандық дәуірдегі сияқты Президент - мемлекет басшысы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел іші мен халықаралық қатынаста көрсетуші ең жоғарғы қызмет иесі бола отырып, біріншіден, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін бейнелейді, Конституцияның мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады, екіншіден,мемлекеттік билік тармақтарының өзара үйлесімді түрде әрекет етуін, билік орындарының Қазақстан халқы алдында жауапкершілікті сақтауын қамтамасыз етеді. Біздегі саяси институттар шеңберінде заң шығарушы органды жетілдіру мақсатында екі палаталы Парламентжұмыс істейді. Біздің еліміз президенттік республика болғандықтан «үкімет» деп аталатын атқарушы биліктің басшысы да - Президент.

Сонымен, Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдардың дамуын шартты түрде негізгі бес кезеңге бөлуге болады:



  1. - 1986 жылдың күзінен 1989 жылға дейінгі аралық - партия ізін қуған (протопартиялық) құрылымдардың қалыптасуы, жастардың саяси пікір-сайыс клубтарының, тарихи-ағартушылық қоғамдардың, азаматтық бастама қозғалыстарының, бейресми бірлестіктердің, «Жасыл майдан» т.б. экологиялық топтардың пайда болуы;

  2. – 1989 жылдың басы – 1991 жылдың тамыз аралығы- «Невада-Семей» қозғалысының, «Мемориал», «Әділет», «Желтоқсан», «Қазақ тілі» қоғамдарының, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағының құрылуы;

  3. – 1991 жылдың қыркүйегінен 1998 жылға дейінгі аралық - партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеу;

  4. – 1989 жылдан 2007 жылға дейінгі аралық (партиялық заң жүйелерін өзгерту, жаңа партиялардың пайда болуы, 1999 және 2004 жылдардағы Парламент сайлауына партиялардың қатысуы);

  5. - 2007 жылдан казіргі кезге дейінгі аралық (конституциялық және партия жүйесінің құрылымындағы өзгерістер).

3. 1992 жылы қабылданған - «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер қүра отырып, ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет Министірлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл шарт орындалғаңда ғана бірлестіктер тіркеліп, өз қызметін жүзеге асырады.

Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын құбылыс. Қазақстан мемлекетіндегі этносаралық, діни конфессиялар мен деноминациялық құрьлымдардың татулығы, әрине көптеген елдерге үлгі. Қазақстан БҰҰ мүше мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы қарарымен бекітілген Төзімділік (толерантость) қағидаттары декларациясын қолдайтындықтан, діни төзімділік пен бейбітшілік қағидалары еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатында 2020 жылга дейін басты орын алды және бұдан кейінгі жылдарда да, жалғаса береді.

Қазақстандағы діни конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясат төмендегі қағидатгарға сүйенеді:


  • мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты;

  • адам мен азаматтың дінге көзқарасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтары тең;

  • діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;

  • халықтық түрлі топтарының этномәдени дәстүрлеріне, менталитет ерекшеліктеріне деген құрмет;

  • мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы саясатты ашық жүргізу.

Ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді қызмет ететін тетіктерін құру алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты орындауға, негізгі құқықтар мен бостандықтардың сақталуын, түрлі дін өкілдері арасында және дінге сенбейтіндер арасында өзара түсіністік жэне ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамда тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер мен шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтін дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» 1990 жылы құрылды, ал 2016 жылы 13 қыркүйекте ҚР дін істері және азаматтық коғам министрлігі құрылды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңде дінді әртүрлі багытта түсіндірулер көбейіп, соның салдарынан азаматтардың түрлі діни ағымдар ықпалына түскендігі де шындық. Азаматтық қоғамда діни плюралистік көзқарастардың болуы табиғи жағдай. Алайда діннің негізгі - қағидалары бұрмаланбауы тиіс. Дін туралы сауатты ақпаратты жақсы игерген тұлға ғана діни адасудан аулақ болады. Елімізде дінді түрлі мақсатпен түсіндіруге 2016 жылы кұрылған ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тосқауыл қойьш, құқықтық органдар олардың заңсыз іс- әрекеттеріне заң жүзінде сараптама жасап отырады.

2017 жылдың 1 ақпанына дейін ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының деректерінде елімізде 17 конфессия мен деноминацияларды біріктірген 3088 діни бірлестіктер бар екен.

Діни бірлестіктердің арасында: Ислам - 2724, Орыс православ шіркеуі - 304, Рим-католик шіркеуі - 87, протестанизм - 1267, дәстүрлі емес діндер мен жаңадан қүрылған діни бірлестіктер (бақай, Кришнаидтер, «Соңғы өсиет шіркеуі» және т.б.) - 46 тіркелген.

Діни бірлестіктердің иелігінде үш мыңнан астам діни ғимараттары да бар, соның ішінде мұсылман мешіттері, православ шіркеулері католик костелдері, синагогалар, протестанттық ғибадат үйлері және т.б. атап өтуге болады.

Қазақстанда 8 жоғары (соның ішінде 2 ислам, 1 католик, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнайы орта және 3 жалпы білім беретін діи оқу орындары бар. Қазіргі таңда республикада 20 елден 300-ге тарта шетелдік миссионерлер жұмыс жасайды екен. Бұл біздің елдің діни мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген процедуралардың либералдығын білдіреді.

Елбасы дін мәселесін ерекше назарда ұстап отыр. Дін - нәзік әрі өткір ұғым. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп конфессиялы мемлекет. Сондықтан ел іші тыныш болу үшін конфессияаралық татулық саясатын да берік ұстану- елдік мұрат, басты ұстанымдардың бірі.

Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықгы нығайтуға қомақты үлес қосуда. Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекет аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Астанада әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері өтіп тұрады. I съезд -2003 жылы өтті, II съезд - 2006 жылы, ІІІ съезд - 2009 жылы, ІV съезд-2012 жылы,V съсзд - 2015 өткізілді. Қазақстан басшысының шақыртуын ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм, индуизм жэңе басқа да көптеген діндердің өкілдері қабыл алды.

Форумға деген қызығушылық жылдан жылға өсіп келеді. Бүл съезге келетін делегация санының артуынан көрінеді. Форумға қатысушы беделді халықаралық институттар шеңбері ұлғаюда. Олардьң қатарына БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, «Ислам конференциясы» ұйымы бар.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі конфессияаралық диалогтың басқа формаларымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Астанада өтетін форумның басты ерекшелігі - оны өткізу жөнінде бастаманы конфессиялардың басшылары емес, зайырлы мемлекеттің ел басшысы - Нұрсұлтан Назарбаев көтерді.

Бұл аталған форум бір діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа ортақ өзекті проблемалар талқыланған дінаралық диалог кұруға мүмкіндік жасайтынын көрсетеді.

Дін лидерлері Астанада әлемдік діндердің рухани және адамгершілік әлеуеті халықаралық шиеленістерді шешуде жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұруда қалай пайдаланылуы мүмкін екенін талқылауға мүмкіндік алды.

Съездердің маңызды ерекшеліктерінің бірі - оның жұмысына әлемнің ірі конфессияларының өкілдерімен бір қатардағы белгілі саясаткерлер, мемлекет пен беделді халықаралық ұйымдардың басшылары да қатысады. Бұл әлемде қауіпсіздік нығайып, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыра алатын шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстан Республикасында конфессиялардың қалыптасуы мен даму бағыттары қандай?

  2. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың халыққа пайдасы неде?

  3. Еліміз тәуелсіздік алғанда қазақтан басқа 130-дан аса басқа да ұлт өкілдерінің Қазақстанда тұрақтап қалуының себебі неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет