2 Б. Майлиннің өмірі



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#6916
1   2   3

2.3. Замандас тұлғасы
Бірақ ол қанша мықты дегенмен, жаңа қоғамға тұлға бола алмайды,
өйткені ондайлар жаңа қоғамның жаңғыру, жаңару сырын ашып бере
алмайды. Ол үшін жаңа адамдар образын жасау шарт. .
Ал жаңа адам көктен түспейді, жерден шықпайды. Жаңа адам кәдімгі
калың бұқара, халық тіршілік ететін қоғамдық ортада, сол ортаны төңкерістік
сипатта қайта құру барысында, сол ортадағы көненің сөнуі мен семуі,
жаңаның жануы мен дамуы үстінде, күллі әлеуметтік жаңару процесінің
үстінде туып-қалыптасуға тиіс.
Дәл осы ақиқат жаңа әдебиет алдына қоғамды қайта құру үстінде
қалыптасатын жаңа адам бейнесін жасау міндетін қойды.
Бейібет Майлиннің «Раушан — коммунист» повесі мен «Азамат Азаматыч»
романы да осындай өзі өмір сүріп отырған заман талабына жауап ретінде,
замандас тұлғасын жасау мақсатында жа­зылған өз кезіндегі жаңа тұрпатты
шығарма еді.
Реалист жазушы кейіпкерлерін жалаң идеяның жаршысына
айналдырмайды. Раушанды да, Азаматты да шым-шытырық күрес пен
тартысқа толы шытырман өмірдің қат қабат қиын талқысынан өткізіп, жаңа
заманға лайык жаңа сана деңгейіне бірден бірге сатылап көтереді.
Раушан — төңкерістен кейін тас-талқаны шығып ыдырап барып қайта
құрылып жатқан қазақ аулындағы көп бейнетқордың бірі — қарапайым ғана
үй иесі әйел. Көзі ептеп қара танығаны болмаса, өмірден оқығаны да,
тоқығаны да шағын. Күйеуі Бәкеннің. ой-өрісі мақсат-мүддесі тіпті қораш,
күйкі: «Таңертең тұрып шомын үйсе, шаруашылығын істесе, шаршап келіп,
Раушанның оң тізесін баса отырып, терлеп шай ішсе, қызыл іңірден жатып
ұйқысын қандырса — одан артық тұрмыс бар, одан қызық нәрсе бар деп
Бәкен ойлады ма екен?». Бірақ, бұған керісінше, Раушанның ойы әжептәуір
ояу, әр нарседен дәмелі, әр нәрседен білмекке құмар, қайраты мен жігері де
бірқыдыру. Аздап жүрексінгенмен, қоғам жұмысына араласудан бас
тартпайды. Сондықтан жұрт өзін болыстық әйелдер конференциясына делегат
етіп сайласа, қарсы болмайды. Мұнысын сабын қайнатқан суатақ қатындар
өсекке айналдырса, қайыспайды. Бәкенге ат-арба дайындатып, жолға
шығады. Жол-жөнекей көргендері де ізсіз кетпейді, бұйығылау өскен дала
қызының көкірек көзін ашып, әр нәрсенің парқын біліп, байыбына бара
түсуіне септігін тигізеді «Апырмай,— деп ойланады Раушан бір шағын
қалашық тұсынан өтіп бара жатып, тұрмыстары қызық болады екен ғой,
біздің ауыл сияқты көңнің арасында қоқырсып жатқан ел _емес, үйлерінің
арасы тап-таза, қаз-қатар тізіліп жарасып-ақ отыр». Болыс кеңсесіне жеткенше
жолшыбай көргендерінен Раушан осындай салыстырмалы пайымдаулар
жасап, «жол жүргеннің өзі қызық болады екен» деп түйеді.
Раушан Бәкенмен бірге жүріп, түрлі - түрлі адамдарға да кездеседі. Олар да
бұған әр түрлі ой салады және оларды жазушы, әрине, бас кейіпкердің
бейнесін толықтырып, мінезін жан-жақты аша түсу үшін суреттеп отыр. Бұл
арада да сол — Бейімбетке тән шеберлік — бас аяғы бірер ғана суретті сөзбен
қосалқы кейіпкерлердің кескін-кейіпін оқырманның көз алдына дәлме-дәл
әкеле қояды. «Теке сақалды, кенже бұқадай қыржиып келген, адырақ көзді
қара кісі» Ермақ, оның әйелі — «кемиектеу келген көлбақа тәрізді тарғыл
кемпір», сондай-ақ «имеңдеген аққұба жігіт — болыстың хатшысы...»
Осылардың қай-қайсысының да Раушан тағдырына әр нәрсеге күйіну-
сүйінуде, әр нәрседен үйрену-жиренуіне, сайып келгенде іштей түлеп-өсуіне
әр дәрежеде қатысы бар. Раушанның «жан диалектикасына» әсіресе уездің
әйелдер бөлімінің «орысша киінген» бастығы «отырған отырысы, қағазды
алып оқығаны, қолы майысып жазу жазғаны, бәрі жарасып тұрған» Мәриям
деген «әйел бала» тікелей, қолма-қол араласады. Ол Раушанды болыстық
жиылыс төралқасына сайлатып, қатарына шақырады, құр имене бермей жұрт
алдына шығып, сөз сөйлеуге дағдыландырады. «Раушан — ел ішіндегі күң
әйелдердің арасынан шыққан көсем» деп қатты риза болып, қолпаштап та
қояды. Оны уездік жиылысқа өкіл етіп қалаға ертіп әкетеді, өзінің пәтеріне
жатқызады.
Раушан енді қала құлқымен танысады. Біресе үрке, біресе таңдана
танысады. Бәкен «атсыз арба» деп атаған автомобильді көргенде: «Бетім-ай,
сиқыр шығар...»— деп шошиды. «Екі беті ұн жаққандай аппақ, ерні қып-
қызыл» көк кез келіншекті көргенде: «Құдай әуре қылған соң қайтсын!»—
деп таңырқап, күліп жібереді. Ал «әйел бостандығын ойыншық қылып» жүрген
жеңілтек, желғабаз Әбдіш секілділердің алдамшы алаяқтығын көргенде:
«Оқыған еркекте ар-ұят бар дегенге нанудан кеттім...»— деп қолын бір-ақ
сілтейді. Бірақ бұл ұғымының ұшқары екенін, қала жігіттерінің бәрі «Әбдіш
сияқты азғын» емес екенін дәлелдеп, Раушанның қателігін түзететін де
Мәриям. Сөйтіп, Раушан осылайша оқырманның көз алдында көптеген
сынақтан өтіп, бірсыпыра психологиялық өзгерістерді бастан кешіп, ақыл-
ой-сана жағынан кәдімгідей өсіп, қаладан ауылға қайтқанда ауылнай болып
сайлануға іштей дайын еді.
Жазушы Раушанды ауылдық кеңес ағасы боп сайланғаннан кейін де сан
алуан қиындықтар, кедергілер арасына апарып қояды. Ең басты қиындық —
өзінің күйеуі Бәкеннің надандығы.
Бәкен — тумысында адал, аңқылдақ болғанымен, аңқау, аңғырт, оның
үстіне өзіндігі аз, өзгенің сөзіне ергіш те сенгіш. Ауылдағы жаңаны
жатырқағыш, ескішіл, кертартпа қариялар, қара ниет зиянкестер Бәкеннің
осы осалдығын пайдаланып, оны Раушанға айдап салады. Бәрі бір жерге
жиналып, Бәкенді ортаға алады да, Әжібек деген шалдың аузымен оған
мынадай әрі сауал, әрі талап қояды: «Мына ағаларың бүгін бас қосқанда
сенен бір сөз сұрағалы отыр: жаман неме, былжырап, жайыңа жүресің бе?
Әлде ер болып әйеліңнің тізгінін қолға ұстайсың ба? Бұл ел тізгінін берсе,
сенің әйеліңе бермейді, өзіңе береді. Осыған не айтасың?!» Сонда
осылардың бәрінің көздеп жүргені — Раушан ауылнайдың мөрі. Ескі ауылда
ескілік көп: пара, барымта, қалыңмал, ұрлық, зорлық... Бұлардың бәрі
қылмысқа апарады. Ал қылмыстылар ауылнайды алдап, жөнсіздіктерін жөн
деп куәландыра мөр бастырып, жазадан кұтылмақ. Бұдан асқан қараңғылық,
қараулық болар ма? Дәл осыны сезген «Мәриям биыл құдайдың зарын
қылып:


  • Ешкімнің алдауына түспе, өтірікке мөр басушы болма, басың кетеді —


деп қақсап қалған». Мұндайды өздігінен түсіне қоймайтын мәңгүрттеу Бәкен,
керісінше, мәселен, «қызын малға сатып», басы дауда қалған Демесін деген
қу мүйіз біреу қылмысын жасырмақ болып: «мал алмай ұзатқандығыма
келіннен қағаз алып қояйын деп едім»— десе, мына жаңғалақ: «Қатынның
қойнындағы мөр сіздің керегіңізге жарайтын болса, бастырып берейін»—
деп қаудырлай қалады. Бұдан асқан парықсыздық болар ма?
Осындай қиындықтарды белшеден кеше жүріп, Раушан ел өміріне белсене
араласады. Ауыл адамдарын адалдыққа, әділдікке бейімдемек қоғамдық
еңбекке баулымақ. Бұл игі ниет оның барлық іс-әрекетінен анық танылады.
Демесіннің өтірігін бетіне басуы, Қайырбайдан үзілді-кесілді салық төлеуді
талап етуі, зорлықпен шалға тиіп бара жатқан Дәметкен тағдырына
ортақтасуы... Осының бәрін Раушан ауылдағы жаңа тұрмыстың жаңа заңын
жүзеге асыру мақсатымен істейді. Бірақ Бәкен бәрібір түсінбейді, үйінен кетіп
қалады... Содан ол әйелімен үш жылдан кейін — Раушан Орынборда үш жыл
оқып, білімді қайраткер болып, ал өз басы дұшпандардың арбауымен
қылмысқа батып, үш жыл түрмеде жатып қайтқан соң барып әрең табысады.
Ерлі-зайыпты екеуінің басынан өткен екі түрлі тағдыр — бұлтарысы көп
бұралаң өмір жолы бұл тұста, әрине, екеуін де есейткен, өзгерткен,
тәрбиелеген. Енді бұл екеуінің әшейін үй ішіндегі талап-тілегі ғана емес,
күллі қоғамдық ортадағы әлеуметтік мүддесі де бір, мақсаты да ортақ...
«Прозалық шығармасының қандайын болса да шиеленіскен драмалық
тартысқа құратын Бейімбет Майлин өз кезіндегі замандас тұлғасын
«Раушан-коммунист» повесінде осылай қиыннан қиыстырып жасаған.
Раушан — шынайы, шыншыл образ.
Аяқталмаған «Азамат Азаматыч» романындағы бас каһарман Қожалақ
Күркілдековтың бейнесін де автор дәл осы тәсілмен шиыршық атқан
шырғалаң тартыс, қым-қиғаш қиын күрес үстінде қызық бедерлеп келе
жатқан. Бұл ретте «Раушан-коммунист» повесі кейде тіпті жазушының
«Азамат Азаматыч» романына дайындығы, ал Ра­ушан образы Азамат
образына барар жолы тәрізді. Мұнын өзі Бейімбет Майлиннің өнеріне өріс
іздеп, толассыз толысу, жазушылық шеберлік жағынан үздіксіз өсу, жетілу
үстінде болғанын аңғартады.

ІІІ. Қорытынды

Осы курстық жұмысты қорытындылай келгенде, мен Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары туралы толық мәлімет бердім және де ақынның поэзиялық ерекшеліктеріне тоқталып, оған мән бере білдім. Жоғарыда айтып кеткендей, мен Майлиннің ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, шығармаларына талдау жасаттым.

Қорытып, тұжырымдап айтсам, Майлиннің прозасы негізінен ауыл өміріне, оны түбірімен өзгертіп, қайта жасамақ болып өңін айналдырып бара жатқан беймаза мезгіл мінезін бейнелеуге арналған. Мұнда да бас кейіпкер кедей, басым тақырып — кедей тағдыры. Жазушы өзі таныған адам кескінін де, заман келбетін де өзгелерге тек осылар арқылы көркем жинақтап танытты. Сайып келгенде «Бейімбет шығармашылығы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді.»(М.Әуезов) көрінетіні де «Бейімбеттің бір жылғы әңгімелерінің басын қосып жинақ жасаса, олар үлкен кезеңнің сырын да, сынын да сипаттайтын роман тәріздес» (С.Мұқанов) болатын себебі де сондықтан. Осы тұжырымдардың дәлдігін, яғни Майлин мұрасы дұрысында да өз дәуіріндегі өзекті шындықтың көркем шежіресі екенін біз жоғарыда оның поэзиялық шығармаларын талдап дәлелдегенбіз. Ендеше, бұл жолы оны қайталамау үшін, жазушыдан қалған прозалық мұраны түгел тексеруді қоя тұрып,, тек қана сол мұраның мирасқа айналар мағынасы мен мәні хақында қысқа-қысқа түйіндер

түйдік.
Бейімбет Майлин лексикасында теңеулер, эпитет, метафоралар өте мол. Әрбір қимыл, әрбір көрініс, әрбір құбылыс жалаң берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпиттер арқылы келеді және Майлиннің теңеулерінің барлығы дерлік халықтың ұғымына қонымды, оның тұрмысына, әдетіне, ғұрпына байланысты жатады. Өйткені, өз халқымен біте қайнасып, бірге өскен ақынның басқаша жырлауға, халық ұғымына қонымсыз теңеуді, сөз нақысын, ой өрнектерін басқаша беруі де мүмкін емес. Эпитет, теңеу, метофораларының қай – қайсысы болмасын, кейбір натуралистік жайларын былай қойғанда, ақын бұқара халықтың эстетикалық сезімінің жеткен биігі тұрғысынан шығып отырады. Сұлулық, әдемілік сол ақын өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаның ұғымы тұрғысынан беріледі.

Бейімбет Майлин – аса ірі талант иесі. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында үлкен еңбек сіңіріп, осы әдебиеттің негізін салушы, үлкен тірегінің бірі болды.

«Бейімбет Майлин еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік бе­лесіне енді

шыға бергенде үзіліп кетті» -деп, Ғабит Мүсірепов айтқаны шындық.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Серік Қирабаев «Революция және әдебиет» Алматы «Жазушы»

  2. Прозашы ақын. Бейімбет Майлин туралы естеліктер. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1994 жылы.

  3. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы, 1981 жылы.

  4. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1983 жылы.

  5. / Бейімбет Майлин / / Қаратаев М. Дала жұлдызы , – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1982 жылы.

  6. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жылы.

  7. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 1968 жылы.

  8. Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы.

  9. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1976 жыл.

  10. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1968 жыл.

  11. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай. / / Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл.






Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет