2-билет Абайдың бірінші қара сөзі



бет1/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі


ӘДЕБИЕТ-ЕМТИХАН-22

1-билет
1. Абайдың қара сөздері
2. М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе
3. «Бесеудің хаты» - тарихи драма .

2-билет

  1. Абайдың бірінші қара сөзі

Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді . Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті.
Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген.



  1. Ж.Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы

«Жалғыз» поэмасының түпкi мақсаты жаратқан Иемiз – Құдайдан бастап бар дүние-әлемде бәрi жалғыз екендiгiн еске сала отырып, сол даралықты санаңмен саралап, бағасын бағамдай бiлу жөнiнде философиялық ой түйiндеген толайым туынды. Осы бiр шығар күндей шындықты жетемiзге жеткiзудi мақсат еткен ақын көкiрегiн кернеген ағыл-тегiл ойларын ортаға салуға асық: Бұл жалғанда кiм жалғыз? Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз, Жарқырап тұрған Шолпан да, Жалғыздығын сезiнер... Жыр боп мәңгi жасарға, Абай жалғыз қашанда, Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да... Көңiлде бар көп түйткiл, айтыла бермес көбiнде, Өмiр жалғыз болғасын, екеу емес өлiм де... Кiм жалғыз бұл жалғанда? Қара жер жалғыз қашанда, Адамның жетпес ақылы қолдан оны жасарға... Әлбетте, ақын жалаң жалғыздықты әуезе етiп отырған жоқ. Оның көксегенi ғұмырлы ғұламаларға жарасқан жалғыздық әлемi. Осыдан шығарған түйiнi де түйсiндiретiн шалқар ойға шомылдырады: Жалғыздықты – даралық, даналық деп түсiнем, Тағдырлар бар сан алуан, iшiнде ала-құласы. Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы. Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел, О, жалғыздық, жасай гөр, о жалғыздық, жасай бер. Осыдан келiп жарық дүниеде Ақынның да, Дананың да жалғыздығы секiлдi Өмiрдiң де жалғыз да жалған екендiгiне, сағым өмiрдiң бiр сәттiк екендiгiне көз жеткiзе түсесiң.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет