2-билет Абайдың бірінші қара сөзі



бет13/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі
osh sor himija emn 10-klass kaz, 2 5341648553997513909
14-билет


1. Ж.Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасында көтерілген мәселе. Поэмадағы көркемдік ерекшелік
«Жалғыз» поэмасының түпкi мақсаты жаратқан Иемiз – Құдайдан бастап бар дүние-әлемде бәрi жалғыз екендiгiн еске сала отырып, сол даралықты санаңмен саралап, бағасын бағамдай бiлу жөнiнде философиялық ой түйiндеген толайым туынды. Осы бiр шығар күндей шындықты жетемiзге жеткiзудi мақсат еткен ақын көкiрегiн кернеген ағыл-тегiл ойларын ортаға салуға асық: Бұл жалғанда кiм жалғыз? Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз, Жарқырап тұрған Шолпан да, Жалғыздығын сезiнер... Жыр боп мәңгi жасарға, Абай жалғыз қашанда, Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да... Көңiлде бар көп түйткiл, айтыла бермес көбiнде, Өмiр жалғыз болғасын, екеу емес өлiм де... Кiм жалғыз бұл жалғанда? Қара жер жалғыз қашанда, Адамның жетпес ақылы қолдан оны жасарға... Әлбетте, ақын жалаң жалғыздықты әуезе етiп отырған жоқ. Оның көксегенi ғұмырлы ғұламаларға жарасқан жалғыздық әлемi. Осыдан шығарған түйiнi де түйсiндiретiн шалқар ойға шомылдырады: Жалғыздықты – даралық, даналық деп түсiнем, Тағдырлар бар сан алуан, iшiнде ала-құласы. Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы. Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел, О, жалғыздық, жасай гөр, о жалғыздық, жасай бер. Осыдан келiп жарық дүниеде Ақынның да, Дананың да жалғыздығы секiлдi Өмiрдiң де жалғыз да жалған екендiгiне, сағым өмiрдiң бiр сәттiк екендiгiне көз жеткiзе түсесiң.
2. А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің композициясы
6 билет 2 сурак
3. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, басқа сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет