2 бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді) Тақырыбы: «Менің мектебім»


Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)



бет11/21
Дата07.09.2024
өлшемі73,78 Kb.
#203923
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
авторская 2 бөлім 1 тоқсан

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)
Тақырыбы: «Қожа-әдепті бала»


5.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау;
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Тапсырма. Тыңдалым мәтінін екі рет тыңдаңыз. Берілген сұрақтарға тірек сөздер арқылы өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтінге ат қойыңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.
Тірек сөздерді орынды қолданады.

мәтін мазмұнына қатысты берілген 5 сұраққа жауап береді;

4

мәтінге ат қояды.

1

«Менің атым Қожа» — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.


Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.
1963 жылы «Қазақфильм» студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

Мәтіннің аты____________________________



Сұрақ

Жауап

«Менің атым Қожа» — нешінші жылы жазылған?




Кітап қай тілдеріне аударылды?




Повесте қандай оқиғалары жайлы баяндалады?




Әңгімеде Қожаның не үлкен рөл ойнайды?




Қожа кімді жақсы көреді?




Қожа жазушы болуды армандайды?





Тапсырма. Мәтінде берілген ақпараттар туралы жұбыңызбен бөлісіңіз. Жұбыңыздың мәтін мазмұнын мұқият тыңдаңыз. Айтылған ақпаратқа қатысты жұбыңызға екі сұрақ қойыңыз. Сұрақтарға лайық жауап беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет