2 бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді) Тақырыбы: «Менің мектебім»


- бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала



бет8/21
Дата07.09.2024
өлшемі73,78 Kb.
#203923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
авторская 2 бөлім 1 тоқсан

2 - бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)
Тақырыбы: «Сүйікті жазушы»


5.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз. Мәтіндегі нақты ақпараттардың төртеуін кластер сызбасы арқылы көрсетіңіз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Ақпараттарды мәтін мазмұнына қатысты ажыратады.
Нақты ақпараттарды анықтайды.



кестедегі ақпараттармен танысады;

1

тыңдалым кезінде кестедегі ақпараттардың мәтінге сай дұрыс, бұрыс екенін белгілейді;

1

мәтіндегі 4 нақты ақпаратты анықтайды;

2

анықталған ақпараттарды кластерге орналастырады.

1


Әбілхан Қастеев 1904 жылы Жаркентке жақын елді мекенде дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған бала 8 жасынан байдың қойын бағып, отбасының арқасүйеріне айналады. Көп уақытын табиғат аясында өткізген баланың санасында сол кезде әдемілік пен сан алуан түстерге деген қызығушылығы оянады. Сөйтіп, қолына түскен заттардан түрлі әшекейлер жасай бастайды. Әбілхан Қастеев Түркістан-Сібір теміржолының құрылысында үш жыл жұмыс жасаған. Бос уақытында ол саздан түрлі мүсіндер жасап, жұмысшылардың портретін салады екен. Бірде Әбілхан Лениннің портретін тасқа қашап салған көрінеді. Ол протрет Мәскеуден келген адамдардың көзіне түсіп, олар “Бұл жігіттен жақсы суретші шығады. Ол оқуы тиіс” дейді. Алайда оқуға жіберместен бұрын, оның туған жерінен шыққан тегі жайлы анықтама алынады. Осылайша Әбілхан байдың емес, расымен кедейдің баласы екені расталған соң, жас жігіт Алматыға аттанады. Кейін, яғни 1969 жылы Қазақстанның ең танымал суретшісі атанған Қастеев Түрксіб туралы естелігін кенеп бетіне түсіреді. Композицияда қазақ даласын бірінші рет басып өткен пойыз бен оны тамашалауға шыққан адамдар бейнеленген. Бұл туынды суретшінің үздік әрі танымал картиналарының қатарынан орын алды.


Ақпараттар

+ дұрыс

  • бұрыс

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Жаркентке жақын елді мекенде дүниеге келген







Әбілхан қолына түскен заттардан түрлі әшекейлер жасай бастайды.







Түрксіб туынды суретшінің танымал картиналарының қатарынан жатпайды.







1969 жылы Қазақстанның ең танымал суретшісі атанған.










Мәтіндегі нақты ақпараттар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет