2 бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді) Тақырыбы: «Менің мектебім»


- бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала



бет4/21
Дата07.09.2024
өлшемі73,78 Kb.
#203923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
авторская 2 бөлім 1 тоқсан

2 - бөлім. Мектеп өмірі. Әдепті бала-арлы бала.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)
Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті екінші қабатта»


5.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу;
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Мәтіндегі мәліметтерді іріктейді. Тақырыппен байланыстырады.

екі сұраққа мәтін мазмұны бойынша бір сөйлеммен жауап береді;

2

Қытай мен Қазақстанның мектептерін салыстырады;

1

екі елдегі пәндерді тереңдетіп оқыту жүйесін салыстырады;

1




екі елдің мектептерінде тілдерді оқыту бойынша салыстырмалы жұмыс жүргізеді.

1

2008 жылдан бастап Қытай билігі мектепте міндетті 9 жылдық тегін оқытуды бекіту туралы шешім қабылдаған. Қалған соңғы үш сыныпта оқуды жалғастыруды ата-аналар мен оқушылардың өздері шешеді. Яғни 9 сыныпта міндетті тегін білім алса, соңғы 3 жыл ақылы және ол жоғары оқу орнына түсетіндерге арналған. Ал біздің елімізде жалпы білім мектептерде 11 жылдық оқу жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ қазақстандық балалар 11-сыныпты аяқтағанша мемлекеттік мектептерде тегін оқиды.


Мектепте ағылшын тіліне басымдық берілген, аптасына 5 күн бойы оқытылады. Балалар да ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұр.


Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының тілді үйренуіне қатысты жаңа өзгеріс енгізілген болатын. Дәлірек айтқанда, осы оқу жылынан бастап мемлекеттік тілде оқитын 1-сынып оқушылары тек ана тілін үйренеді. Ал орыс тілінде оқытатын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл қатар оқытылады. 3-сыныптан бастап ағылшын тілі қосылады. Балалар үш тілді қатар меңгере алмайтындықтан осындай шешім қабылданған болатын.
А. Қытайда оқытатын мектептер неге тегін емес?
_____________________________________________________________________
В. Қазақстанның мектептік жүйесі неге бағытталған?
_____________________________________________________________________

Қытай мен Қазақстандағы мектептерді салыстырыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет