43. .Әуезов атындағы ОҚУ-нің тарихи. 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Алғашқы оқу жылында институт құрамында екі факультет: технологиялық және тау-кен факультеттері және 7 кафедра болды. Институтта небары 18 оқытушы, олардың ішінде 2 профессор және 5 доцент болды.Алғашқы жылы институтта оқыған 240-қа жуық студент оқыған.