39. Кафедра ұжымы мен мамандарының отандық өндірістермен бірлесті енбектері.
40. Химиялық, криминалистикалық және экологиялық аспектілер.
41. Химия және фармацевтикалық инженерия кафедрасы тарихы 1949 жылы құрылған жалпы білім беретін «Химия» кафедрасы мен 2010 жылдың қыркүйек айында «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасының негізінде құрылған «Нанотехнология» кафедралары 2014 жылы шілде айында университет құрылымын қайта ұйымдастыру барысында біріктіріліп «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.
Қайта құрылған «Химия» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия-технологиялық факультетінің тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.
«Химия» кафедрасы 2014 жылы қайта құрылған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі құрамына кірді.«Химия» кафедрасы өте маңызды және беделді білім беру бағдарламалары 6В05320-Химия, 6В07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, 6В05340- «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама» бойынша мамандар дайындады. 7М07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.2019 жылы 6В07270-фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға лицензия алынды. 2020 жылы 7М07270 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы ашылды. 2022 жылы ҚР БҒМ тізіліміне 6В05340-химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптама ББ енгізілді. 2022 жылдың қыркүйегінде "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасы болып өзгертілді.Қазіргі таңда кафедрада докторы, аға оқытушы Ермеков С.Р. жетекшілік етеді.
42.Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі Химиялық инженерия және биотехнология Жоғары мектебінің тарихы 1943 жылдан Шымкент технологиялық құрылыс материалдары институты екі факультет болып Технологиялық факультет «Силикаттар технологиясы» мамандығы және Тау-кен факультеті «Металл емес пайдалы қазбаларды өндіру және пайдалану» мамандықтары ашылған кезден басталған және университеттің ең байырғы және ірі бөлімдерінің бірі болып саналады. 1947 жылы тау-кен факультеті жабылған соң институт директоры Сафа Умбеталұлының тікелей қолдауымен технологиялық факультет дами бастады. 1948 жылы инженер-технолог-силикатшы мамандығы бойынша алғаш рет 28 түлек бітіріп шықты. 1962 жылы химия-технологиялық факультетінде құрамында химия-технология бағытындағы жаңа бірнеше кафедралар біріктірілді. Қазіргі уақытта Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде 29 ғылым докторы, 83 ғылым кандидаты және 6 ғылым кандидаты жұмыс істейді.