33. Сарапшы қорытындысының толықтылығы, ғылыми негізділігін сипатаңыз Сарапшы қорытындысы – заңда көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қылмыстық үрдісті жүргізуші орган сарапшының алдына қойған мәселелері бойынша арнайы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындыларды айтамыз. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған мәселелерге жауаптардың негіздемесі сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталған мән-жайлар көрсетіледі. Сарапшы қорытындысы басқа дәлелдемелерден артықшылығы жоқтығына қарамастан оның нақты айырмашылығы бар, атап айтқанда, арнайы ғылыми білімдерді қолданумен жүргізілген зерттеудің негізіндегі жасалған қорытынды болып табылады. Сондықтан, қылмыстық істі жүргізуші арнайы ғылыми білімі жоқ органнан шындығында жүргізілген ғылыми зерттеудің бағаланылуы талап етіледі. Сарапшының қорытындысы өзінің нысаны мен мазмұнына қарай өткізілетін сараптаманың процессуалды мәртебесін (алғашқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) білдіреді, сол сияқты оларды кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерге бөледі.
34. Зерттеу барысында сарапшыға қандай нәтижелер беріледі.
Сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде әр сарапшының зерттеулері бөлек баяндалады. Жеке дара зерттеулерді бағалаудың нәтижелері мен солардың негізінде жасалған жеке тұжырымдар да бөлек баяндалады. Зерттеудің нәтижелерін бірлесе бағалау қорытындының зерттеу бөлігінің соңында, яғни жинақтаушы бөлігіндегі тұжырымдардың алдында баяндалады. Сараптаманы жүргізген кезде бір ортақ қорытынды (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасалады. Сараптаманың қорытындысында әр сарапшының қандай зерттеулер жүргізгені және олардың қандай деректерді анықтағаны көрсетіледі. Әр сарапшы жалпы қорытындыға, не өзі жеке өткізген зерттеулердің барысы мен нәтижелерін көрсететін бөлікке қол қояды. Комиссиялық сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы немесе сарапшылар тобы жеке сараптама қорытындысын жасайды. Қайталама сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы өз тұжырымдарына қол қояды.