2 дәріс. Балалар фольклоры (Балалар ауыз әдебиеті) «Балалар фольклоры»


Балаларға арналған халық өлеңдері



бет4/14
Дата11.12.2021
өлшемі27,67 Kb.
#79021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
2 дәріс

Балаларға арналған халық өлеңдері.

Жалпы дамыған елдер өміріне көз жіберсек, фольклорлық жанрлардың бірінен соң бірінің балалар репертуарына біртіндеп көшіп жатқандығын байқауға болады. Мәселен, кәдімгі ертегі. Шығу тегі жағына келсек, бұл ересектер фольклорының көнеден келе жатқан күрделі де, негізгі жанрларының бірі. Бірақ ол бүгін таза балалардың сүйіктісіне айналып кетті емес пе? Бүгінгі сәбидің ойлау жүйесі бір кездегі адамзаттың балаң кезіндегі ойлау жүйесімен көп жағдайда сәйкес шығып жатады. Міне, осы тұрғыдан келгенде балалар шығармашылығы мен ересектер мұрасының арасына қазіргі кезеңде шек қоюға тырысудың өзі шартты мәселе. Бұл шарттылық шынтуайтына келгенде кез келген ғылыми зерттеудің мүддесіне байлансты бой көтереді. Сонымен зерттеушілер балалар фольклорын саралау кезінде көп жағдайда шығармалардың авторы мен орындаушыларына мән беріп, оларды “балаларға арналған үлкендер шығармалары”, “үлкендер репертуарынан балалар аузына көшкен шығармалар”, “таза балалар шығармашылығы” деп үш топқа бөліп қарастырып келеді. Бұл негізінен генетикалық(шығу тегі) принципті басшылыққа алудың нәтижесінде пайда болған саралау еді. Оның олқылығы сонда, көптеген шығармалардың шығу тегін, кімдер орындайтындығын тап басып айту қиын еді. Оның үстіне тақырып, мазмұндық, функциялық, поэтикалық құрылым жағынан келгенде бұлайша жіліктеу ғылыми сараны қанағаттандыра алмайтын.

Кейінірек В.А.Василенко шығармаларды атқаратын міндетіне(функция) қарай жіктеп, “ойын әрекеттіріне байланысты шығармалар”, “ойын әрекеттерінен тыс шығармалар” деген топтау үлгісін көрсетті. Орыс балалар фольклорын көптен бері зерттеп жүрген белгілі ғалым М.Н.Мельников өзінің “Орыс балалар фольклоры” атты кітабында аталмыш мәселені зерделей келіп, балалар мұрасын “Әлпештеу поэзиясы”(пестования), “тұрмыстық(бытовой) фольклор”, “ермектік(потешный) фольклор”, “ойындық фольклор” деп төрт топқа бөлуді ұсынады.



Сол сияқты балалар фольклорын өзінше кіші әлем ретінде тұтастай бөліп алып, әдебиеттанудағы классикалық саралау үлгісімен “лирикалық, эпикалық, драмалық” деп жіктеушілер де бар. Бірқ мұнда да толық айқындалмаған, пікірталасқа қарай жетелейтін тұстар жетерлік. Тұтастай алғанда балалар фольклорын іштей топтап, жанрлық түрлерге саралауға біржолата қалыптасқан, айнымас ұстам әзірге орныға қойған жоқ. Бұл жалпы, бүлдіршіндер мұрасының өзіндік табиғатының аса күрделілігінен болса керек. Балалар фольклорын іштей саралауда назар аударып, есте ұстайтын шарттар мыналар болмақ. Оның алғашқысы - шығармаларды кім шығарып, кімдердің орындайтындығын және қалай орындайтындығы. Мәселен, бесік жырын ата-аналар шығарып, негізінен солар орындайды. Көптеген шығармалар балаға байланысты әдет-ғұрып, салттар негізінде болып келеді. Ал мазақтамаларды балалар өздері шығарып, өздері орындайды. Осыған орай бұл шығармалар түрлі топтарға жіктелмек. Екінші ескеретін мәселе шығармалардың атқаратын қызметі. Бұл шарт балалар фольклорын іштей саралауда маңызды міндет атқарады. Мәселен, бесік жырын да, алдарқату жырын да ересектер орындайды, бірақ екі шығарманың атқаратын міндеті екі басқа. Бірі -–баланы тыныштандырып, ұйықтатуды мақсат етсе, бірі алдандырып, көңілін сергітуді мұрат тұтады. Немесе, тақпақ пен драмалық ойындардың қай-қайсысын болмасын балалар өздері орындайды, бірақ шығармалардың міндеті әр түрлі. Сондай-ақ шығармаларды саралауда балалардың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Мәселен, ата-аналар сәбилерге олардың табиғатына лайық шығармалар айтса, келе-келе бала әрбір жанрлық түрді жас ерекшелігіне қарай біртіндеп игереді. Төртінші ескеретін негізгі шарттың бірі - шығармалардың поэтикасы. Яғни шығарманың тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық құрылымы, сөз саптасы, тіл кестесі т.т. Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет