Байланысты: 2 тема. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫ
2.5 Монополияға қарсы саясат Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың арасындағы
қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің екі бағыты орын алады: 1) іскерлік
тәртіптің белгілі бір әділетсіз түрлерін шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік
нарықтық құрылымды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік
тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни
монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері тӛмендегілер болып табылады:
1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін
монополиялық билікті кӛбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың
негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелестікті әлсіретуге, монополияны
орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.
2.