Жетілген бәсеке жағдайында
фирманың ӛніміне деген сұраныс абсолютті икемді
болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл ӛз
кезегінде фирманы нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым кӛлемі туралы
шешім қабылдауға итермелейді. Фирма ӛз пайдасын шекті шығындар нарықтық бағаға
тең болғандағы шығарылым кӛлемі кезінде максималдайды. Қысқа мерзімде жетілген
бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы ӛндірістің қысқа мерзімді шекті
шығындарының орташа ӛзгермелі шығындармен қиылысуындағы жоғарғы кесіндісімен
сәйкес келеді:
-
ӛндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма экономикалық
пайда алады;
-
бағаның ӛндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде фирма нӛлдік
пайда ала отырып, ӛзін-ӛзі ӛтеу жағдайында болады;
-
фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның минималды
орташа ӛзгермелі шығындарымен тең болғандағы шығарылым кӛлемін жүзеге асыруы
қажет. Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі
сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық
фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды. Жетілген
бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауылдарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық
ұсыныстың ұлғаюы есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып
табылады. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы
нарықтық баға ӛндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болған
уақытта орындалады, яғни фирмалар нӛлдік экономикалық пайданы ғана ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: