Байланысты: 2 тема. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫ
Монополия жағдайында фирманың билік жүргізуінің кӛзі болып нарыққа бақылау
жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы ӛзінің ӛндіріс кӛлемін реттей отырып,
нарықтық бағаға әсер ете алады. Монополия жағдайында минималды орташа
шығындармен ӛндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист
ӛндірістің кез келген кӛлемін таңдай алады. Пайданы максимизациялау ережесіне жүгіне
отырып, монополист шекті табыс ӛндірістің шекті шығындарына тең болғандағы ӛндіріс
кӛлемін таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының кӛлбеулігін ескере отырып,
монополист бағаны бір ӛнімге кететін шекті шығындардан жоғары етіп тағайындайды, яғни
осы баға оның ӛніміне деген сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болып табылады.
Монополистің ӛндіріс кӛлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының сипатын
анықтайтын сұраныс икемділігінің ӛзгеруіне байланысты болса, онда баға мен ұсыныс
кӛлемі арасында арақатынас орын алмайды, сондықтан монополия жағдайында ұсыныс
қисығы болмайды. Әртүрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс кӛлемі жетілген
бәсекелес фирмаға қарағанда тӛмен, ал бір ӛнімге деген монополиялық баға жетілген
бәсекелес фирманың бағасына қарағанда жоғары болып табылады, осының салдарынан
қоғамдың әл-ауқаты тӛмендейді.